Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4336 0 пікір 19 Мамыр, 2014 сағат 12:22

7 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫРЫМ ТАТАРЫ ЕЛІН ТАСТАП КЕТТІ

 

Қырымның Ресейге қосылып кетуіне байланысты 7 мыңнан астам жергілікті татарлар туған елін тастап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz  УИНАН-ға сілтеме жасап. Бұл туралы БҰҰ жанындағы Украинаның өкілі Юрий Сергеев мәлім еткен. Украина өкілі бұл мәліметті БҰҰ Нью Йорктегі штаб-пәтерінде жергілікті татарлардың 1944 жылы тарихи отанынан депортацияланғанына 70 жыл толуына орай өткен салтанатты шара барысында жариялап отыр. Қырымдық татарлар мұндай шешімге "жартылай аралды басып алушылар тарапынан көрген қысымнан кейін" барған. Татарларды жөн-жосықсыз тексерушілер де, оларды қорқытып-үркітетіндер де көп болып отырған көрінеді. Мәселен, қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға қырым татарлардың көшбасшысы Мұстафа Жемилев жіберілмеген еді.

Кеше, 18 мамырда Симферепольде қырым татарларының депортацияланғанына 70 жыл толуына орай қаралы жиын өтті. Жиынға қатысушылар, ұлттық-аймақтық автономия мәртебесін анықтауға арналған "қырым татарларының өздерінің тарихи аумағында өзін өзі басқару құқығына ие болуға мүмкіндік беретін" резолюция қабылдады. Одан бөлек қырым татарлары жартылай аралға жергілікті ұлттың депортацияланғанға дейінгі тарихи атауын қайтару қажеттігін, Қырым билігінде татар өкілінің болуын мақұлдайтын арнайы заң қабылдау керектігін, Құрылтай мен Меджлисті Қырымның негізгі халқының өкілетті органы ретінде мойындауды талап еткен.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452