РФ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ
Ресей премьері Димитрий Медведевтың Ленинград мемлекеттік униуерситетінде бірге оқыған курстасы, Ресей жоғарғы арбитраждық сотының өкілі Антон Иванов 2013 жылы 13 млн рубль (шамамен 373 мың доллар) еңбек ақы алған. BBC-дың хабарлауынша мұндай көлемдегі ақша мәліметі «Коммерсант» газетінде жарияланған. Аталған соттың жұбайы өзіне Латвиядан сәулетті үй және гараж сатып алған. Ивановтың еңбек табысы Конституциялық сот басшысы Валерия Зорькинаның табысынан да жоғары болып отыр. Ресейде сот жалақысы жоғарғы жалақылардың бірі болып табылады. 2013 жылдың статикасы бойынша РФ соттарының айлық еңбек ақысы 500 мың рубль (14 мың доллар) айналасында тұрақтанған. Айта кететін болсақ 2013 жылға тиесілі статикада РФ президенті Путинның жылдық жалақысы 3,7 миллион рубль болып көрсетілген. Путин өзінің жалақысын биыл, сәуір айынан бастап 2,65 есе көбейтуге қол қойған еді.
Абай-ақпарат