Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3760 0 пікір 15 Мамыр, 2014 сағат 15:20

ТАШКЕНТТЕ НАТО ӨКІЛДІГІ АШЫЛАДЫ

НАТО бас хатшысының  Орта Азия және Кавказ аймағы бойынша арнайы өкілі Джеймс Аппатурай ертең, 16 мамырда Ташкентте НАТО өкілдігі альянсының ашылуына қатысады.  Бұл туралы Қытайдың Син Хуа агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Өзбекстанның СІМ мәліметі бойынша НАТО мен Өзбекстанның байланысы 1991 жылы 21 желтоқсанда орнатылған. Өзбекстан президенті Ислам Каримов осыған дейін бірнеше рет НАТО ұйымындағы саммитқа қатысқан. Атап айтсақ Вашингтонда(1999ж), Прагада(2002ж), Бухаресте(2008ж). Сондай-ақ 2011 жылы қаңтарда арнаулы шақыртумен  НАТО-ның штаб пәтерінде болған.

Ресми Ташкент 1994 жылдан бері НАТО-мен «бейбітшілік» әріптестік орнатып келеді. Ташкентте 2013 жылы Орта Азия мәселелері бойынша НАТО қызмет бюросы ашылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443