Ауғанстанға темір жол арқылы жіберілген цистернадан газ шығып жатқаны анықталды
Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ - Ақтөбе облысынан Ауғанстанға темір жол арқылы жіберілген цистернадан газ шығып жатқаны анықталды, деп хабарлады ТЖМ.
Хабарда айтылғандай, газдық шығып жатқаны жексенбі күні Қызыорда облысындағы Шиелі станциясында 16 сағат 30 минутта анықталды.
Ақтөбе облысының Жем станцтясынан Өзбекстанның Голова станциясы арқылы Ауғанстандағы Хорун Белалл станциясына дейін жөнелтілген №2408 жүк поезының № 57886913 цистернасын жөнелткен «Ақтөбе МұнайГаз» компаниясы болып табылады.
«Құрамнан ағытылған сыйымдылығы 33 тонна болатын цистерна Шиелі станциясының темір жол тұйығында тұр. Газ шығуы 18 сағат 20 минутта Шиелі станциясының өрт сөндіргіш поезының (5 адам) және Қызылорда өрт сөндіру күшінің көмегімен (5 адам және 1 техника) тоқтатылды. Адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіп жоқ», - делінген хабарда.