Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3886 0 пікір 14 Мамыр, 2014 сағат 09:33

ҚЫТАЙДА ЗАУЫТ САЛУҒА ҚАРСЫЛЫҚ БОЛДЫ

«Демократиялық қытай» ақпараттық агенттігінің кешегі жаңалығына қарағанда, Қытайдың Чжэцзян (Zhejiang) провинциясының Ханчжоу қаласының тұрғындары жергілікті биліктің қоқыс зауытын салу жоспарына қарсы шығып, соның салдарынан полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс орын алған. Қақтығыстан жараланған 29 полицейді қоса есептегенде 39 адам зардап шеккен деп жазады жоғарыдағы ақпарат көзі.

 Қақтығыста отыздан астам көлік шағылған, ал оның екеуі полиция көлігі,-дейді демократиялық қытай ақпараттық агенттігі қытайлық Циньхуа ақпаратына сілтеме жасай отырып. Қақтығыста аз дегенде екі адам ауыр жарақат алған. Оның біреуі полция қызметкері, енді бірі қарсылық танытқан тұрғын екен.

Ал бұл орын алған қанды оқиға хақында: « Қоршаған ортаның ластануы, жемқорлық және жерлерді тартып алу сияқты мәселелер төңірегінде халық тарапынан жыл сайын мыңдаған қарсылықтар орын алады»-деп хабарлайды BBC.

Алдыңғы айда ғана Гуандун провинциясының Маомин қаласындағы химиялық зауыттың құрылысына наразылық танытқан кезде, 18 тұрғынды қамауға алған еді деп жазады аталмыш американдық ақпарат. Ал жергілікті биліктің ресіми сайты енді тұрғындардың қолдауынсыз ол жерде жалғасты жұмыстар жүргізбейміз деп жариялап үлгеріпті.

Ағылшын тілінен аударған: Талғар Дәлелғазы.

Дереккөзі: http://minzhuzhongguo.org/ArtShow.aspx?AID=40228

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406