Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 5545 0 пікір 12 Мамыр, 2014 сағат 14:53

ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕСТІ ЕНГІЗУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУДА


Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР ЭБЖМ халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакенов Қазақстан бизнесті енгізуге жағдайды жақсартуға ұмтылған ел ретінде танылғандығын айтты. «Қазақстан бизнесті енгізуге барынша жағдай жасаған ел ретінде танылды. Бұған дәлел бизнесті реттеуге заңнама арқылы баға беретін халықаралық рейтінгтер. Дүниежүзілік банктің «Doing Business  бизнесті жеңіл енгізу индексі бойынша  Қазақстан 2013 жылы 185 елдің ішінде 50 орынға шықты, оның ішінде «Инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша 10 орынды алса, «Салық салу» бойынша – 17 орын, «Кәсіпкерлерді тіркеу» бойынша - 25 орынды иеленген еді», - деді Е. Бакенов.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекелестіктің жаһандық индекс рейтінгінде 2012 жылы 144 елдің ішінде 51-ші орынға жайғасты.

«Халықаралық менеджментті дамыту институтының бәсекелестіктің әлемдік индексінде 2013 жылы  60-тың ішінен 34 деңгейде тұрақтады. Дүниежүзілік банк Қазақстанды  инвестициялардың жүзеге асуы бойынша 20 үздік елдің тізіміне қосты», - деді ол. 

http://www.strategy2050.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036