Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 10496 0 пікір 6 Мамыр, 2014 сағат 13:53

ТАҒЫ БІР ҚАЗАҚ ҰЛАНЫ ҒАРЫШҚА САПАР ШЕГУІ МҮМКІН

2017 жылға қарай тағы бір қазақ азаматы ғарышқа сапар шегуі мүмкін. Осы жайында бүгін Астанадағы Орталық комуникациялар қызметі үйінде «Қазкосмос» Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті. Негізі қазақ ғарышкерлері 2009 жылы ғарыш кеңістігіне шығуға дайын болған. Бірақ тап сол кездегі әлемдік қаржы дағдарысы көлденең келіп, қазақ ғарышкерлерінің сапарға аттануына мүмкіндік болмаған. «Ғарышқа ұша салу оңай емес, оған ғарышдержаваларының ортақ келісімі керек», - дейді Т. Мұсабаев. Осы уақытқа дейін екі қазақ жігіті ғарышқа ұшуға дайындықтан өткен. Оның біреуі Мұхтар Аймаханов қазір Ресей азаматы. Кезекте ҚР әскери әуе күштерінің полковнигі Айдын Айымбетов тұр.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1017
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 955