Өскеменде ПМК алдындағы қарыздары үшін алғаш рет мүлік қамауға алынды
Өскемен. 26 сәуір. ҚазТАГ - ШҚО облыс орталығында пәтер меншік иелерінің кооперативі (ПМК) алдындағы қарыздары үшін сот атқарушылары алғаш рет тұрғындардың мүлкіне қамау жариялау тәжірибесін қолданды. Бұл туралы Өскемен әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Восток - 39» ПМК қызмет көрсететін үйде он жыл бойына тұрғаны үшін бір отбасы бір рет те мақсаттық жарна төлемеген. Қарыз сомасы 70 мың теңгеден асқан. Сот кооператив пайдасына төрт рет шешім шығарғанымен, оны тұрғындар орындамаған. Осы себепті сот атқарушылары осы тұрғындардың жеке мүліктеріне - телевизор, тоңазытқыш, компьютер, жұмсақ жиһаздарға қамау жариялады. Бұл ПМК алдындағы қарыздарды қайтарудың алғашқы оқиғасы. Егер отбасы бес күнде ақшасын төлемесе, мүлік комиссондық дүкен арқылы сатылады», - дейді әкімдіктегілер.
Әкімдіктегі деректер бойынша, қарызгерлердің негізгі бөлігі бюджеттік мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлер. Мысалы «Восход-39» кооперативі бойынша жалпы сомасы Т2 млн 146 сот шешімі орындалмаған. Қала бойынша халықтың кооператив алдындағы қарыздары ондаған миллион теңгені құрайды.