Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4950 0 пікір 26 Сәуір, 2010 сағат 07:09

Шығыс Қазақстанда электронды мұрағат құрылып жатыр

Өскемен. 26 сәуір. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстанның облыстық мемлекеттік мұрағатында электронды мәліметтер базасын құру шеңберінде құжаттардың жалпы қорының 4,5 %-ға жуығы сандық форматқа келтірілді. Бұл туралы ШҚО мұрағаттар басқармасы хабарлады.

«Құжаттарды сандық қалыпқа келтіру жұмыстары басталғалы екі жыл болды. Облыстың мемлекеттік мұрағат қорында сақтаулы жатқан миллион құжаттың ішінен 44 мың беттен астамы сандық форматқа салынды. Жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде», - деп мәлім етті ШҚО мұрағаттар басқармасы бастығының орынбасары Алмагүл Сүлейменова.

Келіп түсетін ақпаратты жинақтап, интернетке орналастыру үшін мұрағат ақпараттық технологиялар бөлімін құрып, үш сервер мен жабдықтар сатып алды. «Қорлардың электронды картотекасы» (құжаттардың тізімдерін, мерзімдерін жедел табу үшін) және одан кеңірек «Электронды мұрағат» (қағаз құжаттардың электронды түрлері және электронды карточка түрінде) екі база бір уақытта құрылып жатыр.

«Біз осыдан үш жыл бұрын Шығыс Қазақстанның мұрағат қызметінің сайтын аштық. Ол электронды қызметтердің облыстық орталығы және виртуалды қабылдау бөлмелерімен интеграцияланған. Бұл уақытта сайтқа 140 азамат жұмыс өтілдерін, марапаттарды қуаттау туралы өтініш берді. Олардың бәрі белгіленген мерзімде орындалды. Алайда біз осы уақытқа дейін сандық қол қою мәселесі шешілмегендіктен, мұрағат анықтамаларын қағаз жүзінде береміз», - деді А. Сүлейменова.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 932
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2416
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 624