Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4278 0 пікір 27 Сәуір, 2010 сағат 03:14

Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры Азат Шәуеев мырзамен интернет-конференция

Үстіміздегі жылдың 7 сәуірінде Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорына жаңа директор болып Азат Шәуеев мырза (суретте) тағайындалғаны белгілі.
Abai.kz ақпараттық порталы қордың жаңа басшылығының алдағы уақыттағы атқаратын жұмыстарынан, тың мақсат-міндеттерінен қоғамды хабардар ету үшін Азат Шәуеевті арнайы интернет - конференцияға шақырып отыр.

Төмендегі пікір жазатын орынға қордың жаңа директорына қоятын сауалдарыңызды жолдай берулеріңізге болады.

Азат Шәуеев 1969 жылғы 9 ақпанда туған. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Осы лауазымды қызметке тағайындалғанға дейін ол Қор директорының бірінші орынбасары болды. Оған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас сарапшысы, Алматы қалалық әкімдігінде Қазақстан халқы шағын Ассамблеясымен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті Қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Алматы қалалық әкімшілігінің Тіл басқармасында ономастика, терминология және тіл мәдениеті бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295