ЕҚЫҰ-ны XXI ғасырдың күрделі жағдайларына бейімдеу қажет - Назарбаев
Алматы. 27 сәуір. ҚазТАГ - ЕҚЫҰ-ны осы ғасырдың күрделі жағдайларына бейімдеу қажет, деп есептейті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біз ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікті ала отырып, әлем қауіпсіздігінің жаңа сәулетін қалыптастыруға аса белсенді түрде үлес қосуы тиіс деп ойлаймыз», - деді Н.Назарбаев сейсенбі күні Алматыда IX Еуразиялық медиа форумда сөйлеген сөзінде.
«Бүгін Ұйымды XXI ғасырдың күрделі жағдайларына тиімді бейімдеу қажет», - деп атап көрсетті президент.
Сондай-ақ, ол Астана ЕҚЫҰ саммитін өткізуге дайындалып жатқанын еске салды. «Бұл идеяны мүше мемлекеттер қолдап отыр. Біз қолдау көрсеткен әріптестерімізге алғыс білдіреміз», - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, мұндай шара он жылдан астам уақыт өткізілмеген. Қазіргі уақытта «біз бірлесе отырып, жоғарғы деңгейдегі кездесудің күн тәртібін әзірлеп жатырмыз»», деді ол. «Онда ЕҚЫҰ жауапкершілік аймағындағы қауіпсіздіктің ең маңызды мәселелерін, Ауғанстандағы жағдайды және толеранттылық мәселелерін талқылау қажет», - деді Н.Назарбаев.