Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3698 0 пікір 15 Сәуір, 2014 сағат 14:27

Иран Американың үстінен БҰҰ-ға шағым түсірмек

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы Марзие Афхам Американың үстінен БҰҰ-ға шағым түсірмекші. Бұл туралы Иранның қазақ радиосы хабарлады. Мәселеге көз жүгіртсек, Нью-Йорктегі БҰҰ-на Иран Ислам Республикасы өзінің елшісі және тұрақты өкілі ретінде ұсынып отырған азаматқа Америка үкіметі виза рәсімдемеген.

Афхам: «БҰҰ-на Иран Ислам Республикасының ұсынып отырған елшісі әрі тұрақты өкілі Хамид Әбуталебиге Американың виза бермеу әрекеті халықаралық заңдарды бұзушылыққа жатады. Сондай-ақ БҰҰ мен Америка арасында бекітілген келісімге қайшы» деп мәлімдеп отыр. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159