Хельсинкий комиссиясы Қазақстан Жоғарғы сотының Жовтиске қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешіміне наразылық білдірді
Алматы. 27-сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН - АҚШ сенаторы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі комиссия төрағасы Бенджамин Л.Кардин мен конгрессмен Элси Л.Хастингс Қазақстан Жоғарғы сотының белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қатысты үкімді өзгертуден бас тарту туралы шешіміне наразылық білдірді.
Комиссияның хабарламасына қарағанда, Б.Кардин «Мен қазақстандық құқық қорғау орындарының осы іске қатысты үкімді қайта қараудан бас тартқанына» таңданысын жасыра алмаған.
«Президент Обама Вашингтондағы кездесуде Қазақстан басшысы Назарбаевпен Евгений Жовтистің жайын талқылағаннан кейін біз іс оң шешімін табар деп ойлағанбыз», - деп атап өтті Б.Кардин.
«Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде өзгелерге үлгі болуы керек. Бұл жағдай президент Назарбаевтың сот жүйесін реформалау туралы бастамасының мәнін жояды», - деп есептейді Э.Хастингс.
Бұрын хабарлағанымыздай, 26-сәуір күні Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасы Е.Жовтиске кесілген үкімді қайта қараудан бас тартқан болатын.