Сенбі, 23 Қараша 2024
Жанайқай 8648 0 пікір 10 Сәуір, 2014 сағат 14:37

В.Штыгашев: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДІҢ ЕЖЕЛГІ АТА ҚОНЫСЫ

Қазақтың жеріне көз алартып жүрген Жириновский мен Лимоновтардың сандырағына қолымызды бір сермеп, жүре беруші едік. Енді Ресейде осындай сандырақ соғушылардың қатары көбейіп барады және олар аузы арақтан босамайтын деревняның маскүнем мұжықтары емес, жоғары лауазымды қызмет иелері. Солардың бірі – Ресейдің Хакасия Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашев.

Оның айтуынша, Қазақстанның шығыс аймағы Ресейдің ежелгі ата қонысы көрінеді. Ол өзі басқарып жүрген Хакасия Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының жақында өткен отырысында былай деп бөсіпті: «Даже многие историки не знают толком историю последних 70 лет. Восточно-Казахстанская область или Рудный Алтай. Рудный Алтай всегда был в составе России. У Казахстана мало было территории, приняли решение часть Ишимской области, (а это Омская область) дать. Отдали и сделали Караганду. Это в 1936-м, совсем недавно. Всего мы пять областей передали Казахстану, и после этого Казахская АССР из автономии была переименована в ССР. Эти территории передавались как разменная монета».

 Осылайша Алтайға ауыз сала отырып, Солтүстік пен Батыс Қазақстанды айтпағанда, еліміздің орталығындағы Қарағанды облысынан да дәмесі бар көрінеді Штыгашев мырзаның.

Осындай оспадарларға мемлекетіміздің Сыртқы істер министрлігі тарапынан дер кезінде ресми наразылық білдірілуі керек. Сол сияқты еліміздің ғалымдары мен тарихшылары тарапынан да нақты деректерге құрылған мәлімдемелер жариялау қажет.

«Бұға берсең, сұға береді» деген сөз бекер айтылмаған. Тәуелсіз мемлекет екеніміз рас болса, мұндай сандырақ сөздерге қарсы осындай нақты шаралар сұранып-ақ тұр. Лақ екеш, лақ та бауыздар алдында бір дауыс шығарушы еді ғой... 

Төлеубай ЕРМЕКБАЕВ,            

Қазақстан Журналистер одағының  мүшесі      

Қарағанды қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406