Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 16914 0 пікір 8 Сәуір, 2014 сағат 11:09

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МҰҒАЛІМІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Осы жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген.

Ал оны жүзеге асыратын ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.

  Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында білім беру саласының көш басында келетін Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдер мен Жапонияда өздерінің жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігін дәлелдеген және бүкіл әлемге танылып отырған бағдарламасын  іске асыруда.

Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының негізгі мақсаты біріншіден- маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден-жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды.    Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын  көрсетіп отыр. Сондықтан да алға қойылған мақсаттарды іске асыруда мұғалімнің алатын орны ерекше екеніне ешкімнің таласы болмас. Ұстаз үшін шәкірттің білім әлемінде құлашын кеңге жайып, елінің абыройлы азаматы болғанынан артық бақыт жоқ.Енді осы Қазақ елінің жаңа форматтағы мұғалімі қандай болуы керек. Жаңа форматтағы мұғалімдер оқушылардың бойына өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманға табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуі қажет.

     Жұмыс өтілім 30 жыл болса да, ескіше  көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша, қажырлы еңбек ету мақсатында мен өзім осы курстың тыңдаушысына айналдым.Әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен менің өзгеруіме тура келді.

Мен  білім алғанды, білім бергенді жақсы көремін, балаларды сүйемін және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын мені қажет ететіндігін білемін, оны істеу үшін мен алдымен өз жолымды табуым қажет. Осы мақсатта курсқа келгенімде менің бойымды билеген қорқыныш пен үрей  болды.Оқуға келгеннен кейін де осы курсқа неге келдім, тіпті зейнеткерлік жасқа келіп қалдым ғой деген ойда мені мазалай берді.Бірақ мені өзімнің қызымдай  жас, жан-жақты біліммен қаруланған, практикасы мол еңбекқор Рауан Бақытқызы жылы шыраймен, күлімдеп  қарсы алды.Алғашқы танысу сәттен бастап, ынтымақтастық атмосферасы жоғары, жақсы ортаға келгенімді, білімді тренерге тап болғанымды біліп, көңілім орнына түсіп, оқуға деген құлшынысым күн өткен сайын арта түсті. Шынына келсе, бұған дейін дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы өмірде пайдалана алмайды.

      Ал бұл бағдарламаны оқыған кезеңдерінде оқу үрдісі қалай жүретіні және сапалы оқыту дегеніміз не екендігі туралы материалдарды зерделеп, барлық  оқушыларды  тиімді тәсілдермен сабаққа тарту, өзара бағалау және өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру балалар қалай оқиды, нені оқыту керек екенін түсіндім.

Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модулді, оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну-мұғалім қызметіндегі маңызды дүние.

Оқушының түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің міндеті екенін Рауан Бақытқызы ашып түсіндіріп отырды.

Рауан Бақытқызының уақытпен санаспай, әрқайсымызға қарапайым, күнделікті өмірмен, мектеппен байланысты түсіндірмесі немесе бейнероликтермен көрсеткен көріністер, бірлесіп өткізген пікірталастар,жас ерекшеліктеріне қарай оқыту немесе талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыру мақсатында жаңа технологияны пайдалану арқылы керек материалдарды  интернеттен алу жолдарын үйреткені санамызда қалды. Қазақ елінің жаңа форматтағы мұғалімі міне осындай жандар болуы керек. Жасым келіп, зейнеткерлік жасқа келіп қалсам да осындай жаннан дәріс алғаныма өте ризамын.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.                              

 Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Қазақ елінің жаңа форматты мұғалімін дайындауда  жаңа үлгідегі білім беріп, өмірге оң көз-қарастарын қалыптастыруда жол көрсетіп отыратын Рауан Бақытқызындай білімді де, білікті тренерлеріміз көп болсын. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.

Қ.Б.Қансұлтанова.                           

Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің         

физика пәні мұғалімі.                                               

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036