Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4247 0 пікір 28 Сәуір, 2010 сағат 06:48

ШҚО тау-металлургия кәсіпорындарында кәсіби ауруларға шалдығу оқиғалары көбейіп кетті

Өскемен. 28 сәуір. ҚазТАГ - 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы тау-металлургия кәсіпорындарында кәсіби ауруларға шалдығу оқиғалары 2005 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көбейген.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Нұржан Түсіпова ІІ есеп-сайлау конференциясында хабарлады.

Н. Түсіпованың айтуынша, өткен жылы кәсіби аурулардың саны 2005 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге, 148 оқиғадан 268 оқиғаға дейін көбейген.

«Жалпы көрсеткіштегі тау-металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесі 90% құрады, оның 37 % Риддер тау-кен байыту комбинатына («Қазмырыш» АҚ), 28 % «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-іне  7% «ҮМЗ» АҚ-на және 9% басқа кәсіпорындарға тиесілі», - деп атап өтті облыстық кәсіподақтар кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Құдабаев.

Облыстық кәсіподақ кеңесінің ақпараты бойынша, 2005 жылы Риддер тау-кен байыту комбинатында кәсіби ауруларға шалдығудың 59 оқиғасы тіркелсе, 2009 жылы 89 оқиға болған, Жезкент тау-кен байыту комбинатында 2005 жылы 22, 2009 жылы 36 ауру тіркелген, Белоусов тау-кен байыту комбинатында тиісінше 9 және 29 оқиға, «Қазмырыш шахта құрылысы» ЖШС-інде - 0 және 19.

«Егер кәсіби ауруларға шалдығу оқиғалары көбейіп отырса, демек еңбек жағдайлары жақсармай отыр деген сөз», - делі М. Құдабаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345