Әбдірашит Бәкірұлы. Бұлай деу - қарадүрсін түсінік
Фейсбукта осы мәселені талқылай бастапты. Оған қосарым:
Бұлай деу - марксизмнің "сананы тұрмыс билейді" деген қағидасын метафизикалық, қарадүрсін тұрғыда түсіну. Бұл - жан-жақты ойдың жоқтығын, оның формалді логика деңгейінен аспауын білдіреді. Мемлекет басқару ісінде бұндай принципті басшылыққа алу - өте қиын жағдайға әкеледі. Мысалы, тіптен, бұрынғы сауатсыз колхоз бастығының өзі де алдымен қандай шаруа атқаратынын, жұртты оған қалай жұмылдыратынын ойда пысықтап, жоспарлап алатын. Ол - алдымен "саясаткер" еді. Ал "алдымен экономика" дегенің - "есектің алдына жемді үйіп тастасаң да ("жемді" - мұнайдан, кен байлықтан, ұрлықтан, коррупциядан түскен көлденең пайда деп ұғыңыз), оған ақыл кірмейдінің" кебі. Қазіргі заманда Адамзатты ақыл билейді! "Ақыл" билей алмаған жерде (көреген саясаттың жоқтығы) экономика да, оны көтеретін қоғам да, мәдениет те, жетістік те жоқ. "Соқыр байлық" (алдымен экономика деген сол) - Отанды (қоғамды) тоздыруға бастайды!