ОҚО-да биылғы жылы екінші рет үшем дүниеге келді
Шымкент. 29 сәуір. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының перинатальды орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ОҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Сәбилердің үшеуі де - қыз. Үлкенінің салмағы 2075 грамм, екіншісі - 1583 грамм және кішісі - 1590 грамм.
«Үшемнің анасы - Қазығұрт ауданының 45 жастағы тұрғыны Құттықыз Түлепова мен сәбилер өздерін жақсы сезінуде. Бұл әйел бесінші рет ана атанып отыр, үйінде төрт баласы бар», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Бұл биыл туып отырған екінші үшем. Бірінші үшем халықаралық әйелдер күні қарсаңында дүниеге келді. 2009 жылы ОҚО-да бірінші тоқсанда 6 үшем туған. Ал биылғы жылдың үш айында аймақ халқы 1813 балаға көбейді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96 балаға көп. Сондай-ақ, биыл туғандардың қатарында 30 егіз бар.
Әйелдер мен балалар облыс халқының үштен екі бөлігін құрайды.