Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
Қоғам 6396 0 пікір 2 Қыркүйек, 2014 сағат 13:00

Қытай баспасөзі: Назарбаев Путинға жауап берді

Қытайдың оқырманы көп ifeng.com сайты кеше,  1 қыркүйекте  «Путинның сөзіне Қазақстан президенті жауап берді» деп көлемді мақала жариялады.  Бұл мақаланы қытайдың ақпараттық сайттары бір-бірінен жарыса көшіріп басқан.

Онда 29 тамыздағы РФ Президенті Путинның «Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған» деген сөзіне ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 тамызда телеарналардың біріне берген сұхбатында былай жауап берді делінген:

«Біз әсте егемендігімізге қауіп төндіретін ешқандай ұйымға кірмейміз. Егер тәуелсіздігімізге тигізер Нұқсаны болса Еуразиялық экономикалық одақтан да шығатын боламыз».

Осы басылым сондай-ақ, «Москва жаңғырығы» атты телеарна былай деп хабарлады дейді: «Қазақстандықтар: Путинның Қазақстанға көзқарасы Украинаға ұстанып отырған позициясына ұқсап кетеді. Қазақ елінің 1500 жылдық тарихы бар. Путинге жауап ретінде бір «тарих кітабын» сыйлау керек.» Сонымен қатар аталған басылым ЕАЭО-ның құрылуына байланысты жаза келіп, шартқа қол қойылған дата мен Қазақстан тәуелсіздігінің айшықты даталарын қоса басқан.

Abai.kz

 

 

0 пікір