Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3042 0 пікір 5 Мамыр, 2010 сағат 06:03

Қарағандыда соғыс ардагерлерінің құрметіне ескерткіш орнатылды

Қарағанды. 5 мамыр. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қарағандыда Қазақстанның 50 жылдығы бағында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне ескерткіштің салтанатты ашылуы өтеді.

Ескерткіш Октябрь ауданында Сталин аудандық әскери комиссариатының ескі алаңына орнатылды. «Бұл орын арнайы таңдалды. Бұл жерден біздің жерлестеріміз соғысқа аттанған. Ардагерлер кездесіп, достарын көру үшін осы жерге 65 жыл бойы келіп жүр. Олар бұл жерді еске алу орны ретінде өздері таңдады, сондықтан ескерткішті осы жерге орнату туралы шешім қабылданды», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Соғыс жылдары Қарағанды облысынан 60 мың адам майданға аттанды. Оның әрбір екіншісі қаза тапты. Қазір облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан 1 мың 110 адам тұрып жатыр. Олардың бір де біреуі мереке күндері назардан тыс қалмайды.  52 ардагерге жаңа пәтердің кілті табыс етілсе, 152 ардагердің тұрғын үйлері жөнделді. Облыстық бюджеттен  Т423 млн қаржы ардагерлерді емдеуге және оларға дәрі-дәрмек сатып алуға бөлінді.

23 ардагер Астана мен Мәскеуде өтетін мерекелік шараларға қатысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377