Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2713 0 пікір 5 Мамыр, 2010 сағат 06:05

Мәжіліс депутаттары Назарбаевқа ұлт лидері мәртебесін беретін заң жобаларын талқылайды (толықтыру 2)

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Парламент мәжілісінің депутаттары елдің тұңғыш президентінің саяси-құқықтық мәртебесін анықтауды қарастыратын түзетулерді талқылауды кеңейтілген отырыстың күн тәртібіне енгізді.

«Біз елдің тұңғыш президентінің рөлін нақты белгілеу үшін екі заң жобасын әзірлеуді шештік. Сондықтан бүгінгі кеңейтілген отырысқа біз екі заң жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз: біріншісі - ҚР кейбір конституциялық заңдарына елдің тұңғыш президентінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы және екіншісі - ҚР кейбір заң актілеріне ел президентінің тұңғыш президентінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», - деді депутат Розақұл Халмұрадов сәрсенбі күні мәжілістің кеңейтілген отырысында.

Өз кезегінде депутат Әмзебек Жолшыбеков мемлекеттің тұңғыш басшысының қызметін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін анықтайтын «ҚР тұңғыш президенті туралы» заң қазіргі мемлекеттіліктің негізін қалаушының рөлін толық көлемде анықтамайтынын жеткізді.

«Бүгінгі жағдайлар конституциялық заңның нормаларын мемлекет басшысының саяси-құқықтық мәртебесін анықтау жөнінен қайта қарауды, тұңғыш президенттің конституциялық мәртебесін оның жалпы мойындалған ұлт лидері мәртебесіне сәйкес келтіруді талап етеді», - деді ол.

Депутат Н. Назарбаев «жай президент емес, қазіргі мемлекет - Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, елдің экономикалық өсіміне, халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізіп, бүкіл өркениетті әлемге өзін мойындатқан адам» екенін айтты.

Осы орайда ол «мемлекет дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында» «конституциялық заң деңгейінде тұңғыш президент-ұлт лидерінің мәртебесін бекітуді» ұсынды. «Тұңғыш президенттің ерекше тарихи миссиясына байланысты оның конституциялық өкілеттіктерін нақты белгілеп, оның қызметін қамтамасыз етудің кепілдіктерін қарастыру қажет», - деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, бұл заң жобасы елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша бастамаларды ҚР-дың тұңғыш президентімен келісу қажеттігін қарастырады.

«Сондай-ақ, тұңғыш президент - ұлт лидерінің қол сұқпаушылық мәртебесін нақты белгілеу мақсатында ол ҚР президенті - ұлт лидерінің өкілеттіктерін атқару кезінде жасаған әрекеттері үшін, ал өкілеттіктері тоқтаған соң ҚР тұңғыш президенті-ұлт лидері мәртебесін жүзеге асыруға қатысты әрекеттері үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - деп толықтырды Ә. Жолшыбеков.

Бұдан басқа, түзетулермен тұңғыш президенттің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне қол сұқпаушылық кепілдіктерін беру ұсынылған.

Сондай-ақ, заң жобасы тұңғыш президенттің қызметін қамтамасыз ету бойынша конституциялық заңның нормаларын нақтылайды.

«Осылайша, ҚР тұңғыш президенті-ұлт лидері мәртебесін беру қазақстандық даму жолының мызғымастығына кепілдік беруге мүмкіндік жасайды», - деді мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, ол заң жобаларын жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары жоқ екенін және мемлекеттік бюджеттен қосымша шығын талап етпейтінін жеткізді.

Депутаттардың 97%-ы аталған заң жобаларын кеңейтілген отырыстың күн тәртібіне енгізуді қолдап дауыс берді.

Салалық комитет 25 маусымға дейін аталған құжаттар бойынша қорытынды әзірлейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377