Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4713 0 пікір 17 Шілде, 2014 сағат 11:09

ОДАҚТАСЫМЫЗҒА ЖАҢА САНКЦИЯ

АҚШ пен Еуропа Одағы Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейге салынған санкцияларды күшейтті деп хабарлайды «Азаттық». Бұдан бұрын хабарлағанымызда" АҚШ Президенті Барак Обама Еуроодақ мемлекеттерін Ресейге санкция салуға шақырған болатын.

Кеше Брюсселде өткен самитте ЕуроОдақ жетекшілері Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге санкция салуды құптады. Сондай-ақ, Еуропалық инвестициялық банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі тарапынан Ресей экономикасына инвестиция бөлуді тоқтата тұру жайлы шешімге келген. Вашингтон тарапы Ресейлік банк, әскери және энергетика салаларына шектеу қоюды көздеп отыр. АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бұл тізімге ресейлік «Роснефть», «Внешэкономбанк», «Новатек» және «Газпромбанк» енгізілген.

Ал санкцияға ілінген жеке адамдардан Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) жедел ақпарат және халықаралық байланыстар қызметінің жетекшісі Сергей Беседа, Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Сергей Неверов, Қырым ісі бойынша министр Олег Савельев пен Ресей президентінің көмекшісі бар. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377