Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 9495 0 пікір 6 Шілде, 2014 сағат 11:35

«Бәйтерек» - әлемдегі ең қымбат лифт

Астананың бойтұмары – "Бәйтерек". 2003 жылы сол нысанның ашылу салтанатынан репортаж жасағаным есіме түсіп отыр.Биыл оған 11 жыл толыпты. Бірақ бір түсінбейтінім, осы ғимараттың ашылған күннен бастап, ақылы болғандығы. 11 жыл бойы , осы мұнараға көтерілген әр адам 500 теңгеден төлеп келеді. Орта есеппен осы уақыт ішінде 2 млн адам "Бәйтерекке" көтерілді десек, 1000000000 теңгелік сома шығады екен. Әлемдегі ең қымбат лифт. Өзін-өзі әлі ақтамады дегенге сенгің келмейді. Салыстырмалы түрде тура осы ғимаратқа ұқсас нысан Түркияның Анкарасында да тұр.Бірақ оған көтерілу тегін. Тек мейрамханасында отырып,шай-пай ішсең ғана қаражат төлейсің. Ал бізде 500 теңге төлейсің, бірақ,  су да бермейді. Қаладағылар әйтеуір бірдеме ғып төлейді ғой. Астанам деп келген ауыл адамдарынан ыңғайсызданады екенсің. Барымызбен тек орынды мақтана білейік! Экономикалық жағдайымыз тіпті қиын болса да , балаларды тегін кіргізуге болатын шығар.

(Еркін Байғабылұлының фейсбуктегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061