Сейсенбі, 8 Қазан 2024
46 - сөз 6599 0 пікір 23 Маусым, 2014 сағат 12:10

Әйелдер футболды қалай көруі керек?

Малайлық дін уағызшысы  әйелдерді Футболдан әлем чемпионатын абайлап көруге шақырады. Дауд Че Нга футбол ойыншыларының киген шолақ шалбарының қысқалығынан адамға арам ой келуі мүмкін деген ниетте. "Егер әйел футбол көрсе еркектердің әуретті жерлерін де көреді. Бұл кей кісілердің көз зинасын жасауына, қала берді басқалай харам әрекеттерге баруына итермелеуі бек мүмкін" дейді ол өз сөзінде. Өздеріңізге мәлім, ер кісілердің әуреті - дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігі. Осы ретте футболистер киімінің ислам әдебіне тым жат екенін сезінуге болады. "Мұндай киімде шаршы алаңға шығатын ойыншыларды көру әйел түгілі, ер адамға күнә" деген діннің басында жүрген азамат "әйелдер футбол көргенде белден төменгі жаққа көз салудан сақтансын!" деп баса айтады. Сондай-ақ ол өз отандастарын қызығымен өзіне баураған әлемдік матчты көремін деп, таңғы намаз бен  басқа да құлшылықтарын кейінге қалдырып, не ұмытып кетпеуге шақырды.  

Дереккөз: E-islam.kz

0 пікір