Сәрсенбі, 21 Тамыз 2019
Абай.tv 8884 0 пікір 30 Мамыр, 2014 сағат 17:02

АЙША БАЙБОСЫНОВА - СЕН КІНӘЛІ ЕМЕССІҢ

«ЖАҢА АРНА media group» бірлестігі  – отандық шоу бизнестегі есімі елге таныс орындаушы Айша Байбосынованың жаңа «Сен кінәлі емессің» атты әніне түсірілген  бейнебаянын көрермен назарына ұсынады.

Бұл  Айшаның қоржынындағы екінші бейнебаян. Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар жас әнші алғаш рет жастар арасында хитке айналған «Ақ сезім» әнімен танылды. Одан соң  «Дауыс International» үздік гёлз-бендінің құрамында 7 жылдай өнер көрсеткен әнші қазіргі таңда  «ЖАҢА АРНА media group» продюсерлік орталығымен бірлесе отырып жеке  шығармашылығымен айналысуда. Жаңа туындының әнін жазған –  Болат Есмұханов, сөзін жазған – Тұманбай Молдағалиев. Бейнебаянның қоюшы режиссері Ғалия Байбосынова – білікті телережиссер, танымал продюсер. Қазақстандағы бірінші әйел – клипмейкер.

0 пікір