Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Құйылсын көшің 7681 0 пікір 27 Мамыр, 2014 сағат 12:22

ҚАЗАҚТЫҢ ОРАЛУЫНА ТАҒЫ ДА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛА МА?

Құзырлы орын өкілдерінің әуенінен "Қазақ көшін" тоқтату пиғылын аңғаруға болады. Тіптен бұл саясат  зялы қауым мен қалың қазақтың наразылығын баса тұру үшін жасалған сөз жүзіндегі құр уәде болуы да ғажап емес.

Үкіметтің қаулысы  неге қауқарсыз?

Қандастар үшін тұрақты тіркеуге тұру – қияметтің қыл көпірі. Бұл жайт  шетелдегі 7 миллион қандасымыздың ішінен Ата жұртқа оралғысы келетіндердің  жолын қиындатып-ақ  тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысы көші-қон мәселесіне қатысты кедергілерді жоюға үлкен септігін тигізді. Атап айтсақ:

Азаматтық алу үшін Қазақстанда тұру 1 жылға қысқарды; Қандастарымыздың еліміздің қай өңіріне баратындарына қарамай, «Оралман» мәртебесі  берілетін болды; Азаматтық алуда қарастырылған міндетті төлемнен босатылды; Үкімет белгілеген 7 аймаққа баратындарға мемлекет тарапынан әлеуметтік пакет қарастырылып, мемлекеттік атаулы көмектер мен жалдамалы үйге ие болудың мүмкіндігі туып жатыр. Алайда сонан бері 2 ай уақыт өтседе ешқандай нәтиже жоқ. Тек сөз жүзінде ғана өсек боп кезіп жүр.

Шындығын айтқанда,  жоғарыдағы мүмкіндіктерге ие болудың алғы шарты – тұрақты тіркеуге отыру. Қазірше, Қытайдан оралған қандастарымыз  үшін бұл қияметтің қыл көпірі болып тұр.

             Үкіметтің ресми құзретті орындары Көші-қон мәселесін тағыда допша қуалап бірер жылды өткізу мүмкін. Биліктің ішіндегі Қандастарымыздың оралуына мүдделі емес, Назарбаевтың  оралмандар туралы саясатына қарсы топтар тағы да қандастар мәселесінде кедергі жасауға кіріскені белгілі болды. Олар Қандастарға қарсы заңды үн-түнсіз,  «Президенттің тапсырмасы» деген желеумен бір айдың ішінде қабылдап жібергенін білесіздер.  Ал енді тағы да Нұрсұлтан Әбішұлы қандастар мәселесі туралы тапсырма бергенімен  бұл тапсырманы сөзбұйдаға салып, созып, кедергілер жасап әлектеніп жатыр.

Оған дәлел өте көп:

Біріншіден, Ішкі Істер Министрлігі қандастарымызға қойған кедергіні алып тастамай отыр. Нақты заң жүзінде Қытайдан оралған қандастарымыздың Қазақстанға оралуына мүмкіндік жоқ.  Тұрақты тіркеуге тұру үшін қажетті қол жетпейтін немесе қол жеткізу қиын құжаттар бар. Бұл, әсіресе, Қытайдың аранына кетіп бара жатқан қандастарымыз үшін ауыр тиіп тұр.

 

Қандастарымызды «Тұрақты тіркеуге тұрғызу» мәселесімен Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің құрамындағы Көші-қон полициясы айналысады. Аталған полицияның қазірше бұл мәселеде Үкіметпен де,  Қытайдың Қазақстандағы Елшілігімен де бірлесіп жұмыс істей алмай отырғаны белгілі.

Қысқасын айтқанда,  Қытайдан келетін қандастарымыз үшін заңдық сипаты анықталмаған  екі «Анықтама»  және бір «тентіреу» бар. Олай дейтініміз – «анықтамаларды» алу және беру жағында екі елдің заңдық негіздері қарастырылмай, өзара қарама-қайшылық тууда. Ал оның зардабын қарапайым халық тартады.

  •  «Сотталмады» деген анықтама. Онсызда Қытай үкіметі сотталған адамдарға төлқұжат беруге «заң жүзінде тыйым салған». Қазақстан тарапы Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі арқылы бұл мәселені анықтамай отыр.
  •  «Қытай азаматтығынан шыққаны туралы анықтама» керек. Бұл анықтаманы алу үшін Қытай тарапы «шетелдің азаматтығын алғандығы туралы анықтаманы» талап етеді. Бұл екі елдің көші-қон мәселесінде үйлеспей келе жатқан қарама-қайшылықтың бірі.  Екі ортада қандастарымыз осы себептен Қазақстан аумағында тұрақты тіркеуге тұруға заңдық тұрғыда мүмкіндік ала алмай отыр. Алған күннің өзінде заң жүзінде қылымыстық жауапкершілікке дейін апаратын қайшылықты мәселе.
  • «Тентіреу». Осы анықтамаларды алу үшін тағы да Қытайдың Қазақстандағы елшілігіне жүгіну керек. Әр кәмелетке толған бала елшілікке өзі келуі керек. Сөйтіп, мыңдаған қазақ алыстағы ауыл-аймақтан жиналып, кезекке тұрып, бір жапырақ орысша «справка»  үшін ақшаларын шашып, табанынан тозуы керек. Осындай қитұрқылықтарға үкіметтің құлықсыздығы адамды намыстандырады әрі жігеріңді жасытады. 

Екіншіден, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі қандастарды атажұртқа оралтуға ашық қарсылық білдіріп отыр. Тіптен сөз жүзінде айтылып жатқан "әлеуметтік пакеттерге" ие болу - қандастарымыздың аспандағы қаздың сорпасына нан матырып жегеніндей болып отыр. Бұл Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің бұрыннан келе жатқан саясаты екені бәрімізге аян.

Вице-министр М. Әбілқасымова  аузымен қандастарымызға қарсы жағымсыз ақпараттар тарату арқылы қандастар мәселесін шешуге кедергі жасаудың ақпараттық соғысын дайындап жатыр ма деп қорқамын. Вице-министрдің келтірген дерегіне сенсек, еңбекке жарамды оралмандардың  8,6 пайызы жоғарғы білімді,  20,6 пайызы орта білімді, 71 пайызының жалпы білімі бар немесе мүлдем білім алмаған.  Осындай сандарды алға тарта сөйлеген Мәдина Әбілқасымова: «Сондықтан, білімі мен кәсіби мамандығы жоқ, дәрежесі төмен еңбек күші Қазақстанның еңбек күші нарығына қосылып жатыр. Бұл мәселе оралмандардың қоғамға сіңісіп кетуіне кедергі болуда» депті. Міне бұл қандастарымызды оралтуға ашық қарсылық. Бұл жағынан қарағанда Мәдина ханым сандық сапа мен сапалық сапаның қатынасын түсінбейтіні белгілі болып отыр. Мүмкін, орыс тілін білімнің баламасы ретінде қараған болуы да мүмкін.

Себебі, шетелден жүздеген ғылым докторлары,  мыңдаған ғылым кандидаттары, он мыңдаған дайын мамандар келіп отыр. Шынын айтқанда, бұл – үлкен инвестиция. Ал бұл адам инвестициясының құнын түсінбеген министрдің уәжіне кім сенді? Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы оралмандардың азаматтық алуына кедергі жасайтын заңды Ерболат Досаев басқаратын осы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі ұсынған болатын.  Сондықтан, тағы да қандастарға қарсы ниетте болуы әбден мүмкін.  

Жаңадан жасалып жатқан кедергілер

  • Бірінші кедергі – «Оралман» куәлігін алғасын бір жыл ішінде азаматтық беруге өтініш бермесе, олардың елімізде тұрақтауы шетелдік азаматтармен бірдей жағдайда қарастырылады. Бұл да түсінген адамға үлкен кедергі. Тағыда дау тудыру, тағы да сол зымян саясат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қайрат Әбсаттаров: «Бұның барлығы қазiр бiр жылға дейiн қысқартылады. Яғни, олар елге келіп оралман мәртебесін алғаннан соң, азаматтық алуға бірден өтініш бере алады және бiр жылдың жүзiнде азаматтық алуына болады. Ал оралман мәртебесін алғаннан кейін бір жыл ішінде азаматтық алуға өтініш бермеген болса, олардың еліміздегі тұруы шетелдік азаматтармен бірдей жағдайда қарастырылады», – деп атап өттi вице-министр.

  • Екінші кедергі –  қандастарымызға қатысты көші-қон заңын өзгертуге асықпай, созып отыр.

      Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқа Төрағасының орынбасары Талғат Мамашев:  «Парламент оралмандар азаматтығына қатысты заңды тездетуі керек. Өткен жолы Ресей Қырымдағы жағдай аясында азаматтық алуға қатысты заңды бір күннің ішінде қабылдады. Соған орай, өтініш берген адам бір күннің ішінде Ресей азаматтығын ала алады. Бұл біз үшін де аса қажет тәжірибе. Өйткені, Қазақстанның көші-қон туралы заңнамасын өзгерту ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Қазірдің өзінде заң жобасы шілдеде Үкіметке ұсынылып, оны қабылдау келер жылға қалатыны туралы айтылып жүр», – деді. “Мәжіліс депутаттарынан сұрарым, осы заң жобасын тездетейік. Кезінде оралмандар азаматтығына кедергі жасайтын заңды бір ғана күннің ішінде қабылдадыңыздар ғой, ендеше сондағы олқылықты түзетуді де бір айдан асырмасақ екен”, – деген тілегін білдірді қауымдастық Төрағасының орынбасары.

  • Үшінші кедергі – ішкі көш-қонды сылтау ету арқылы сыртқы көші-қонды әлсірету мүмкідігі зор.

       Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан секілді облыстардағы демографялық құлдыраудың басты себебі – ондағы жергілікті халықтың өсімі өте төмендеп кетті. Ал Орыстар Ресейге үдіре көшуде. Бұл кемдікті Оңтүстік обылыстардағы халықтың  есебінен толтырғысы келген Мадина ханым қандастарымызға қарата қарсы балама жоба ұсынып отыр.

     Экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымова Солтүстік облыстардың халқы 2050- жылға қарай бір миллионға дейін кемуі мүмкін деген болжам жасады.

  • Төртінші кедергі – Құзырлы органдар қандастарымыдың экономикалық сала мен ұзақ болашақтық тұрғыдағы демографиялық және инвестициялық мүмкіндігін назарға алмауда. Міне бұл қасқой топтардың ең рақымсыз соққысы. Тіптен 80 пайыз сауатсыз болды деп қараған күннің өзінде мал шаруашылығы мен  егін шаруашылығындағы жетістіктердің біразы қандастарымыздың есебінен болып жатқанын көрмеуі де – сорақылық.  

Шындығын айтқанда, қазақстанның демографиялық жағдайының өсіміне қандастарымыздың да үлкен ұлес қосып жатқаны  біреулерге ұнамай ма? Шұбырған балаларын ерткен, орыстан босаған ауылдарды көркейтіп жатқан қандастарымыз біздің елде саяси күшке айналып келе жатуы да біреулерді қорқытатын секілді.

«Оралмандарды қоныстандыру жұмысы тепе-теңдікті сақтамай жүзеге асты, олар орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық сұраныстары ескерілмеді. Мәселен, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, оралмандардың 50 пайыздан астамы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарына шоғырланған. Ал аталған өңірлер әлеуметтік инфрақұрылымдар мен жұмыс орындарына қатысты онсыз да айтарлықтай демографиялық қысымға ұшырап отырған болатын», – дейді Мәдина Әбілқасымова.

Ал Қазақстанда өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргендердің де шамалы екенін, қаншалаған маман-ғалымдарымыздың жұмыстағы бюрократизмнің кесірінен шетелге асып жатқанын министр мырзалар білмейтін сыңайлы. Мамандықтан гөрі кәсіпкерлікті ұнататын қандастарымыздың қылығы кімге ұнамай жүр? Қызғаныш па,қорқыныш па, қастандық па?

 

Алтай Бұқарбаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1511
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5824