Сейсенбі, 12 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4598 0 пікір 21 Мамыр, 2014 сағат 12:26

НАЗАРБАЕВ: АЗИЯДА ЕҚЫҰ БАЛАМАСЫН ҚҰРАЙЫҚ

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV саммитінде сөз сөйлеген қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған кеңестің негізінде азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент өз сөзінде: "Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің негізінде тиімді әрі мықты азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құру қажет. Оның қысқаша аты - АҚДҰ. Ол Киевтегі төңкеріс пен Украинадағы қантөгісті тоқтата алмаған еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бәсекелесі болуы тиіс", - деп атап көрсеткен.

Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы бастаманы Назарбаевтың өзі алғаш рет 1992 жылы көтерген болатын. Сондай-ақ Шаңхай ынтымақтастық ұйымының, ТМД-ның және алдағы 29 мамырда Астанада қол қойылып бекітілетін  Еуразиялық экономикалық одақтың да бастама идеялары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тән.

АБАЙ-АҚПАРАТ

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2583
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1780