Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4136 0 пікір 21 Мамыр, 2014 сағат 11:58

ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАРДЫҢ ҚАНШАСЫ АЗАМАТТЫҚ АЛДЫ

 

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлауынша, бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, еліміздің азаматтығын Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері 948 мыңнан астам адам алған, оның көбісі соңғы жылдарға тиесілі.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Естеріңізге салатын болсақ, кеше Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Мәдина Әбілқасымова:  «Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдар ішінде шет елдерден 944 мың қазақ көшіп келсе, оның 860  мыңы ҚР азаматтығын алды», -  деген еді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2358
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4026