Сенбі, 23 Қараша 2024
Біздің шенеунік 6973 0 пікір 21 Мамыр, 2014 сағат 11:23

БОЖКО «БАТЫР»

Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Төтенше жағдай министрі Владимир Божкоға «батыр» атағын ұсынды. Ерен еңбегі үшін емес әрине, елімізде аталған министрлік алдын алуға болатын оқиғалар көбейіп кетсе де жылы орнынан 7 жыл бойы жылжымағаны үшін.

«Сіз басқарып отырған сала өте қиын, шаршаған боларсыз, енді демалсаңыз қайтеді?» - деп «өтініш» жасады министрге депутат. 

Алайда «батыр» Божко депутаттың өтінішін елең қылмастан Парламенттегі Үкімет сағатында қасқайып баяндама жасап тұрды. «Батырымыздың» айтуына қарағанда, табиғат апаттарынан, өлім-жітімнен қорқудың қажеті жоқ екен. Мысалы, Астанада қазір құрылыс қарқын алуда. Демек, құрылыстың аты құрылыс: бірлі-жарым адам құламай, сүрінбей тұрмайтын көрінеді. Алматыда базар көп. Көп базар әредік өртеніп тұруы қажет. Осы арада Божко «батыр» Гүржі жерінің  тау шатқалындағы көшкін астында қалған қазақстандық жүк көлігі мен  жүргізушісінің құтқарылғанын салтанатты түрде мәлім етті. Түркиядағы кен орынының жарылуына байланысты бізде де қауіпсіздік шаралары қатаң қарастырылып жатқанын қадап айтты. Риддердегі қақ айрылған жерге түсіп кеткен үй иелеріне жиһазымен пәтер берілгенін жария етуді де ұмытқан жоқ.

Божконың баяндамасына депутаттардың дені бас шұлғыған-ды, бірақ Өксікбаев ғана өкінішін жасыра алмай: «Если верить вашим докладам, то вам честно говоря присвоит героя. И дать время отдохнуть от напряженного труда», - деді.

Божко Төтенше жағдайлар жөнінідегі министр болғалы елімізде төтенше оқиғалардың толассыздығы еш тиылар емес. Соның ең сұмдығы -  «Қызылағаш» оқиғасы еді. Одан кейін де қаншама су арналары бұзылып, ел тұрмысына қиындық әкелді. Жуырда Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылында да Қызылағаш қырғынының шеті қайталанды. Апаттың болатынын алдын ала білетін қасиеті бар Божко болса, қорқынышты әңгімесін әр жерде айтып әлі жүр.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408