Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3616 0 пікір 21 Мамыр, 2014 сағат 11:06

«STОР ТРАФИК»: ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚ ПЕН АДАМ САУДАСЫН АНЫҚТАУ ШАРАСЫ

  19 мамырдан бастап  Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының аумағында «Stор трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара 23 мамырға дейін жалғасады. 

Шараның негізгі мақсаты - адамдарды саудалау, жеңгетайлық және притон ұстау қылмыстарына себепкер болатын фактілерді айқындау, ескерту және жолын кесу бойынша тиімді және нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.

            Полиция қызметкерлерімен мемлекеттік және жеке құрылыс нысандарында, аудан аумағында орналасқан шаруа қожалықтарында азаматтарды, сонымен қатар,                             ТМД елдерінің азаматтарын жұмысқа заңсыз пайдалану фактілерін айқындау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.  

Жұмысқа қабылданғандардың құжаттары, жеке басын куәландыратын куәліктері, еңбек келісімшарттары, зейнетақы төлемдері, жұмысқа орналасуы және одан әрі жұмыс істеуге қажетті басқа да құжаттары мұқият тексеріледі.

            Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін әрі құжаттарсыз жұмыс атқарып жүрген азаматтар айқындалған кезде, жұмыс берушілер  жауапкершілікке тартылатын болады.

            Аудандағы әр түрлі мекемелерде жұмыс берушілермен еңбек заңнамасының талаптарын бұзу фактілері айқындалса, шұғыл түрде Ұлан ауданының ішкі істер бөліміне мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды өтінеміз: 8 /72338/ 27-105, 27-433.

 

 

Ұлан ауданы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат

тобының жетекші маманы

Г. Камзина

 

Абай-ақпарат

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413