«Тәуелсіздік толғауының» туы асқақтайды
Мәдениет және ақпарат министрлігі республикадағы драмалық және опералық театрлардың репертуарын тәуелсіз еліміздің саяси-рухани келбетін ашатын жаңа туындылармен және отандық авторлардың озық шығармаларымен толықтыру мақ¬сатында музыка мен драматургияның алты саласын қамтитын «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» атты ұлттық конкурс жариялады. Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында министр Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында «…Қазір мәде¬ниет саласын дамытуда мем¬ле¬кет¬тік қатысуды оңтайландыратын, яғни біздің таланттары¬мыз¬дың өзінің шығармашылық қыз¬метінің есебінен лайықты өмір сүру деңгейіне жетуіне мүмкіндік бе¬ретін жағдайлар жасайтын ке¬зеңдер туды...» деген болатын. Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында өткізіліп отырған бұл бай¬қаудың мақсаты – отандық ком¬позиторлар мен драматург¬тер¬дің, ақындардың шығармашы¬лығын тікелей қолдау, ұлттық опе¬ра-балет, драмалық театрлар¬дың репертуарын Тәуелсіз елі¬міз¬д¬ің жетістіктерін паш ететін жаңа туындылармен толықтыру.

– Кез келген, тіпті атақты театр¬лардың репертуарлары ылғи да жаңартып, толықтырып отыруды қажетсінеді. Ол үшін екі мін¬детті шешуіміз керек. Бірін¬ші¬сі, еліміз театрларының репер¬туар¬ларын әлемдегі ең үздік туын¬дылармен толықтыруымыз қа¬жет. Екіншісі, Қазақстан ком¬по¬зиторларын, драматургтерін жаңа шығармалар туындатуға ын¬таландыруға тиіспіз. Осы екі мін¬дет ойдағыдай шешілсе, еліміз театр¬лары әлемдік бәсекеге қа¬білетті театрлардың деңгейіне кө¬те¬ріледі. Нәтижесінде бұл қазақ өне¬рінің абырой-атағын әлемге ас¬қақтатады», – деді министр Мұх¬тар Құл-Мұхаммед.
Жалпы, музыка саласының бәсекелестігін арттыру мақса¬тын¬да ұйымдастырылып отырған бай¬қау әрқайсысына үш жүлделі орын¬нан тағайындалған алты сала¬дан тұрады:
1) ең үздік опералық шығармаларға
2) ең үздік балеттік шығармаларға
3) ең үздік драмалық шығармаларға
4) ең үздік камералық музыка туындыларына
5) ең үздік қазіргі заманғы әндерге
6) ең үздік балалар әндеріне
Министрдің айтуынша, байқаудан үздік деп табылған шығармаларға І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар бойынша ақшалай сыйлық¬тар тағайындалады.
Атап айтқанда, ең үздік опералық туындылар мен ең үздік балеттік шығармалар байқауы аталымы бойынша 1-орынға – 4,5 млн теңге, 2-орынға – 2,3 млн теңге, 3-орынға – 1,5 млн теңге; ең үздік драмалық шығармалар ата¬лымы бойынша 1-орынға – 1,5 млн теңге, 2-орынға – 1,2 млн. тең¬¬ге, 3-орынға – 800 мың теңге: ең үздік камералық музыка туын¬ды¬лары аталымы бойынша 1-орынға – 500 мың теңге, 2-орынға – 400 мың теңге, 3-орынға – 300 мың теңге; ең үздік қазіргі за¬манғы әндер мен ең үздік балалар ән¬дері аталымы бойынша 1-орынға – 300 мың теңге, 2-орынға – 250 мың теңге, 3-орынға – 200 мың теңге.
Ақшалай сыйлықтар тағайындалумен қатар, олар еліміздің же¬текші өнер ордаларында қойылатын болады: опера мен балет – Абай атындағы Қазақ мемлекет¬тік академиялық опера және балет театрында және К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында, ең үздік дра¬ма туындылары М.Әуезов атын¬дағы Қазақ мемлекеттік ака¬демиялық драма театры мен М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма теа¬трында, сондай-ақ Ғ.Мүсіре¬пов атындағы Қазақ мемлекеттік ака¬демиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Н.Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жас¬өс¬пі¬рімдер театрларының сахна¬сынд¬а қойылатын болады.
Қазылар тарапынан ең үздік деп танылған камералық музыка туын¬дысы осы жанрды орындайтын жетекші ұжымдардың ре¬пер¬туарына кіргізіледі. Ал ең үздік са¬н¬алған қазіргі заманғы әндер мен балалар әндері респуб¬ли¬калық мерекелік концерттердің бағдарламаларына енгізіліп оты¬ры¬лады.
Атап айтар нәрсе, конкурсқа жі¬берілетін шығармалар бұрын орын¬далмаған, жарияланбаған тың туындылар болуы тиіс және 2009 жылдың желтоқсан айының 1-не дейін қабылданады. Ал бай¬қау қорытындысы осы жылғы 7 желтоқсанда шығарылмақ.
Сонымен қатар министр 74 жыл¬дық шежіресі бар Қазақтың опера және балет туындылары арасынан іріктелген, тақырыптық мазмұнымен, ұлттық бо¬яуы¬мен ерекшеленетін, уақыт еле¬гі¬нен, көрермен сынынан өткен 10 опе¬ралық және 10 балеттік шығарманың партитураларын биыл бі¬рінші рет баспадан шығару көз¬де¬ліп отырғандығын мәлімдеді.
Төреғали ТӘШЕНОВ
«Айқын» газеті, 28 мамыр 2009 жыл