Жеңіс күнін жақындатқандар жадымызда
Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы жер жерде кең ауқымда аталып өтіп жатыр. Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеп, Ұлы жеңістің оңайлықпен келмегенін, оның өлшеусіз екендігін дәріптеуде мектеп ұстаздарының қосып жатқан үлестері ұшан теңіз-ақ. 9-мамыр Жеңіс күніне орай еліміздегі барлық оқу орындарында, соның ішінде мектептерде де түрлі шаралар жүзеге асуда. Жеңістің 65-жылдық атаулы мерекесіне Алматыдағы Медеу ауданының 32-округінде орналасқан №98 жалпы білім беретін мектеп ұжымы да асқан ыждаһаттылықпен дайындалып, соғыс және тыл ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетті.
Аталған мектеп директоры Бұлбұл РАСБЕКҚЫЗЫ: «Ұлы жеңістің бізге оңайлықпен келмегені анық. Елін, жерін жаудан қорғау үшін қаншама батырларымыз шейіт болды. Осы орайда біздің міндетіміз сол батыр ерлеріміз бен батыр қыздарымыздың ерліктерін, өрліктерін жастарға үлгі ете отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оған қоса, көзі тірі ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, қолымыздан келген көмек көрсету де басты міндетіміз деп білемін» дейді.

9-мамыр жеңіс мерекесіне мектеп ұжымы бір кісідей атсалысыпты. Мектеп қабырғасындағы «Азамат» жасөспірімдер ұйымынан құралған «Іздеу» құрама тобы екі ай бойы 32-округте тұратын ардагерлерді аралап, әңгімелерін тыңдап, қал жағдайларын біліпті. Соның нәтижесінде мектеп ұжымы Ұлы Жеңістің 65 жылдық торқалы тойына арнап «Жеңіс туын желбіреткендер» атты естелік кітап шығарған. Бұлбұл РАСБЕКҚЫЗЫНЫҢ айтуына қарағанда, 32 округ аумағында 40-қа тарта ардагер тұрады екен. Жеңіс мерекесі қарсаңында сол ардагерлерге арнап мектеп ұжымы үлкен концерт ұйымдастырды. Оған қоса, Райымбек ауданының құрметі азаматы, кәсіпкер Тілек БАУДЫНҰЛЫНЫҢ демеушілігімен мектепте «Даңқ бұрышы» ашылыпты. «Отан үшін қан майданда жанын берген, қолдарына қару алып, қас жауына тойтарыс көрсеткен және сұрапыл соғыс кезінде елдің жоғын жоқтап, егін алқабында еңбек еткен, өз елін қызғыштай қорыған батыр бабалардың ерлігін дәріптеу - біздің, қоғамның борышы»,- дейді мектеп басшылары. Найзаның ұшымен, білектің күшімен келген Ұлы Жеңіс кім кім үшін де аса қымбат екені рас. Ендеше сол Жеңістің қадірін біліп, елдің ертеңі үшін сұм соғыста жанын қиған батырларымызды жадымызда ұстап, көрсеткен ерліктерін өскелең ұрпақтың санасына сіңдіре білейік.
«Абай-ақпарат»