ЕАЭО: ЕСІКТЕН ТАҒЫ БІР ЕЛ ЕНБЕКШІ...
Енді санаулы күндерден соң ресми түрде қызметіне кірісетін Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына тағы бір ел енді.
Ресейдің Федерация кеңесі Армения республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы келісімді ратификациялады деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі.
Бұл келісімнен кейін Армения Кеден Одағы елдері мен ЕАЭО арасындағы кедендік шарттарға қосылады.
Алдағы жылдан бастап Қазақстан нарығы Ресей мен Белоруссия елдерінің тауар өндірушілеріне ғана емес, кедендік жеңілдіктер арқылы Арманиядан ағылатын өнімдерге де қарық болатыны анық...
Абай.kz