Дүйсенбі, 5 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4231 0 пікір 17 Желтоқсан, 2014 сағат 15:00

ТҚЖБ: АҚПАРАТ ПЕН АЙҒАҚ

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ» банкі АҚ-ның баспасөз қызметі банктің салымшылары мен клиенттері үшін 2014 жылдың 31 желтоқсаны мен 2015 жылдың 5 қаңтары аралығындағы жұмыс тәртібін жариялайды.

2014 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда еліміздің барлық аймағындағы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ» банкі АҚ-ның бөлімдерінде Сіздер төмендегідей операцияларды жүзеге асыра аласыздар:

-         Тұрғын үй құрылысы жинағы келісім шартын жасауға және тоқтатуға;

-         Тұрғын үй құрылысы жинағы туралы келісім шарттың талаптарына өзгеріс енгізуге;

-         Тұрғын үй құрылысы жинағы туралы келісім шарттарды біріктіруге, толықтыруға байланысты қайта қарауға;

-         Тұрғын үй заемын алуға, ақша алу мен аударуға (мемлекеттік бағдарлама қатысушынан басқа салымшылар үшін).

Сондай-ақ, банк бөлімшелері 2014 жылдың 31 желтоқсаны күні Астана уақыты бойынша к.ндізі сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсететінін хабарлаймыз.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1470
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1617