Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3719 0 пікір 14 Желтоқсан, 2014 сағат 18:56

«ADAM bol» журналының дауы Мәжіліске жетті

 "ADAM bol" журналына қатысты  дау Мәжіліске жетті. Соған байланысты  депутат Азат Перуашев басылымның жабылуынан саяси астар іздемеу қажет екендігін айта келіп, тараптардың келіспеушілігі тек сотта шешілуі тиіс дейді.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты: 

-Ерғалиеваның хаты бойынша, бізге Бас прокуратурадан жауап келді. Хатта сот процессі әлі де жалғасып жатқаны айтылған. Жалпы, еліміз құқықтық мемлекет болған соң сот жүйесін құрметтеуге міндеттіміз. Және бірде бір құзырлы орын сот ісіне араласа алмайтынын да айтқым келеді.

P.S.20-шы қарашада Алматының Медеу аудандық соты қалалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басылымды толық жабу туралы талап арызын қанағаттандырған болатын. Сөйтіп "ADAM bol" оппозициялық журналының шығарылуына тыйым салды. Ал, бұл шешіммен келіспеген журналдың бас редакторы болса, Мәжіліс депутаттарынан араша сұрап, хат жолдаған-ды. Енді дауға нүктені сот қоюы тиіс.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452