Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Жаңалықтар 4517 0 пікір 3 Желтоқсан, 2014 сағат 15:30

ЗЫМЫРАЙДЫ ПОЙЫЗДАР…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанға сапары аясында «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жолының түркімен-иран бөлігінің ашылу рәсіміне қатысты.

Елдер арасындағы байырғы байланысты ода нәрі нығайтатын темір жолдан алғашқы жүкі пойызын аттандырып салуға Елбасымен бірге Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов пен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани де куә болды.

Осылайша Түркіменстан мен Иран темір жолдары түйісіп, Қазақстан астығын тиеген жүк пойызы Түркіменстан тарабынан Иран шекарасын кесіп өтті.

Үш мемлекеттің аумағынан өтетін «Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Гөрган» темір жолы желісі «Солтүстік-Оңтүстік» жаңа халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Бұл жоба Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері қол қойған бірлескен декларацияға  орай жүзеге асырылуда. Жолдың 146 шақырымы - Қазақстан,  700 шақырымы - Түркіменстан, ал қалған 82 шақырымы - Иран аумағы арқылы өтеді.

Абай-ақпарат.

0 пікір