Жұма, 29 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 9932. Жазылғандар — 5011. Қайтыс болғандар — 37
Қоғам 4127 0 пікір 2 Желтоқсан, 2014 сағат 12:51

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ, ЕУРОСЫЗ ҚАЛМАҚ

Еуроазиялық экономикалық одаққа біріккен Ресей, Қазақстан және Белорус елдерінің ортақ қаржы нарығынан бірқатар шетелдік валюталар шығарылуы мүмкін. Атап айтқанда,  үштік одақ алдағы жылдан бастап АҚШ доллары мен еуродан бас тартуы ықтимал.

Бұл ұсыныс экономикалық одақ аумағындағы төлем жүйесін біріздендіруге бағытталған тұжырымдама бойынша енгізіліп отыр. Ұсыныс егесі ­­­- Ресей тарапы. Егер бұл ұсыныс қолдау табатын болса, ұлттық қаржы жүйелерінің кеңістігі қайта құрылып, қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарының бағамына теңестіріліген ортақ төлем бірлігінің біріне басымдық беріледі. Әзірге төлем карталары үшін қолданылатын тиімді ұлттық валютаның аты белгісіз. Мамандар ортақ төлем валютасы ретінде Ресей рубльін көргісі келетіндіктерін де жасырмай отыр.

Ал, Ресей, Қазақстан және Белорус елдерінің ортақ қаржы нарығындағы өзгерістерден кейін шетел валютасымен тікелей төлем жасайтын карточкалардың тұтынушылары үшін таңдау жасауға тура келетіні айдан анық.

Абай.kz

0 пікір