Сәрсенбі, 23 Қазан 2024
Жаңалықтар 7037 0 пікір 24 Қазан, 2014 сағат 13:32

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН АҚШ-ҚА КӨШПЕЙДІ

Геннадий Головкин АҚШ-қа қоныс аударуды жоспарлап отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы журналистерге Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков айтқан.

Ол боксшының АҚШ-кетпейтініне сенім білдірді. "Геннадий Головкиннің АҚШ-қа көшіп кету туралы ойы жоқ. Иә, ол сұхбатында солай айтқан еді. Оған "сіз неге Ресейдің намысын қорғамайсыз?" деген сұрақ қойылды. Ол "Мен Қазақстанда тудым. Қазақстанда менің ата-анам тұрады", - деп жауап берді", - деген Қарағанды әкімі.

WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, WBC ауыспалы белбеуінің иегері Геннадий Головкин өз сұхбатында таңдаулы боксшылармен жұдырықтасу жоспарлары мен ағылшын тілін меңгеруі туралы әңгімелеген. Сұхбат барысында қойылған "Сіздің Америкаға көшетініңіз туралы ақпарат пайда болды. Ол шындыққа сәйкес келе ме?" деген сұраққа  Ол: "Әзірше көше қойған жоқпын, бұл менің жоспарларымда ғана", - деп жауап берген. 

Геннадий Головкин әлемнің жеңіліп көрмеген боксшыларының бестігіне енеді. Мұндай рейтингті Bleacher Report спорт порталы жасаған. Оның талантына тәнті болған кәсіби бокстың аты аңызға айналған өкілі Рой кіші Джонс Қазақстанға келмек. Америка боксшысы Головкиннің отаны - Қарағандыға осы жылдың желтоқсан айында келеді, ол Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXI турнирге қонақ болады.

Абай-ақпарат

0 пікір