Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5931 0 пікір 16 Қазан, 2014 сағат 21:35

"МЕН ҚЫЗМЕТТЕН КЕТУГЕ ДАЙЫНМЫН БА? ИӘ, ДАЙЫНМЫН"

Бүгін Астана қалалық сотында Ауылшаруашылығының бұрынғы вице-министрі Мүсілім Өміриаевтың (Мусилим Умиряьев) соты болды. Судья Ербол Рахымбеков экс-шенеуніктің ілгеріде атқарған қызметінде заң бұзушылық белгілері болмағандықтан және кәмелеттік жасқа жетпеген төрт баласы бар екендігін ескере келіп оны 10 жыл бас бостандығынан айыруға  жаза тағайындағанын жария етті. Сондай-ақ, судья  Ербол Рахымбеков айыпталушы Өміриаевтің дүние-мүлкі тәркіленіп және ол лауазым шенін артық пайдаланғандықтан пәре ретінде алды деген 100 мың долларды мемлекет қазынасына қайтаратындығын да ескертті.

Сот үкімі жария етілісімен ғаламторға Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков шықты. Кешке дейін алыс-жақынның көкейіндегі дүдамал сұрақтарға жауап беруге уақыт таппай қарбаласқанына кешірім өтінген министр Мамытбеков  Мүсілім Өміриаевтың қылмысы толық дәлелденген болса, қызметінен өз еркімен кететіндігін жазды.

«Сот үкімінің бірінші инстанциясы әлі күшіне енген жоқ, сондықтан ол (Мүсілім Өміриаевты айтады. -ред)» заң бойынша да, Конституция бойынша да кінәсіз болып табылады. Өміриаевтың және оның қорғаушысының осы мүмкіндікті пайдалануға әлі де уақыты бар» - деді министр Фейсбук әлеуметтік торындағы жеке парақшасында.  

Өміриаев тұтқынға алынған күндері-ақ отставкаға кетуге дайын екендігін ескерткен Асылжан Сарыбайұлы сол кездегі уәдесін осы жолы тағы да қайталады.

«Мен қызметтен кетуге дайынбын ба? Иә, дайынмын», - дейді министр. Бірақ бұл Асылжан Мамытбеков үшін әншейін айтыла салған сөздің біріне ұқсамайды.

«Бұл менің жауапты қызметті бағаламағандығымды білдіре ме? Жоқ. Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін. Маған қазіргі атқарып жүрген қызметім ұнайды. Мен осы қызметке белсене беріліп кеткен сияқтымын, әйтпесе осының бәріне (ар-ожданға салмақ түсіретін соққы ала отырып) төзе алмас едім», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ауылшаруашылығының бұрынғы вице-министрі Мүсілім Өміриаев 2013 жылы 22 желтоқсанда әлдебір кәспкерден 100 мың АҚШ доллары көлемінде пәре алды деген күдікпен тұтқындалған-ды. Мүсілім Өміриаевты қолға түсірген қаржы полициясының әрекетін бастабында-ақ Асылжан Мамытбеков әдейі ұйымдастырылған іс деген болатын.

Сот үкімі күшіне енген соң Ауылшаруашылғы министрі қаржы полициясының қимылына қарата айтқан сөзін қайталап отставкаға еркімен кете ме, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Алайда ол – өзі басқарып отырған ведмствоның абыройы үшін ашық түрде қызметінен кететіндігін айтып, жария еткен Қазақстандағы тұңғыш министр.

Abai.kz     

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407