АРЫСТАН МЫРЗА АЙ ҚАРАП ОТЫР МА?
Мәдениет және спорт министрінің назарына!
Бұл сурет Азиада ойындарынан түсірілген. Суреттегі жігіттер - Су добынан Қазақстан құрамасының ерлер командасы. Бұттарына Қазақстан туы бейнеленген плавки киіп алып, ел намысын «қорғап» жүрген жігіттердің өрескел ісіне қалай жол берілгені түсініксіз.
2012 жылы Рәміздер күні қарсаңында Рәміздер туралы заңға өзгерістер еніп, Мемлекеттік Рәміздерді қорлауға қатысты заң күшейтілген еді. Аталмыш заңның 13-бабы, 1-тармақшасында: «Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеуге мiндеттi.», - деп анық жазылған. Сондай-ақ 15-бапта «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.», - деп көрсетілген.
Abai.kz