Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7841 0 пікір 30 Қыркүйек, 2014 сағат 14:07

«SOYLE.KZ» «ТАҚЫРЫПТЫҚ СӨЗДІКПЕН» ТОЛЫҚТЫ

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz интернет-порталының «Тақырыптық сөздік» атты жаңа бөлімін ашты.

Тақырыптық сөздікте қамтылған 3500-ге жуық сөз бен 700-ден аса күнделікті өмірде жиі қолданылатын тілдесу үлгілері толықтай дыбысталып, тақырыптық принцип бойынша топтастырылып берілген. Жинақталған 50 тақырып күнделікті өмірдің негізгі салалаларын және тілдегі негізгі сөз таптарын (етістік, сын есім, үстеу, көмекші сөздер, есімдік) қамтиды. Сөздікте барлық сөз шағын тақырыптарға бөлінген, бұл есте сақтауда қиындық тудыратын сөздерді кезең-кезеңмен меңгеруге мүмкіндік береді.

Қимыл, іс-әрекет атауларын жылдам жаттап, жадымызда сақтап қалу үшін етістіктер түрлі топтарға бөлінген: кезеңдік, қимыл етістіктері, сезім, ойлау, ұғыну етістіктері, жұмыс операцияларын білдіретін етістіктер және т.б.

Жаңа сөздерді игерту мақсатында түрлі амал-тәсілдер қолданылатын 6 жаттығу ұсынылады. Олар сөздердің қазақша аудармасын, айтылуын, жазылуын есте сақтауға, дұрыс жазып, дұрыс сөйлеуге көмектеседі.
Soyle.kz – ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung Electronics» компаниясының қолдауымен ашылған қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін тұңғыш курс, мұнда тілді жан-жақты үйретуге бағытталған озық әдістер мен амал-тәсілдер қолданылады. Ашылғалы 9 айдың ішінде елімізден және шет елдерден 160 мыңнан астам адам сайт жұмысымен танысып, олардың 13 мыңға жуығы қазақ тілін үйреніп жатыр.

Алдағы уақытта да порталымыз тұрақты түрде жаңа сабақтармен, материалдармен толығатын болады. Ал жыл соңында бүлдіршіндерге лайықталған қызықты тапсырмалар мен материалдарға толы «Балаларға арналған қазақ тілі» бөлімі ашылмақ.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036