Жұма, 22 Қараша 2024
Тарихтың бір күні 10041 0 пікір 1 Қыркүйек, 2015 сағат 11:03

ОН ЕКІЖЫЛДАН КЕЙІН ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов ертең (2 қыркүйек) Халықаралық космос стансасына аттанады. Оның ағасы Жақан Бәрімбековтың айтуынша, Айдын ғарышқа ұшуды 12 жыл бойы армандап келген екен. Халықаралық ғарыш стансасына құрамында қазақстандық Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен бар.

«Осыдан екі ай бұрын ол экипажға үміткер ретінде қабылдағанда шексіз қуанышқа бөленген едік. Айдынның да қуанышын айтып жеткізу қиын. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы бұл хабарды естігенде орындарынан тұрып, ұзақ қол шапалақтады. Себебі, А.Айымбетов біздің университеттің «физика және информатика» мамандығы бойынша сырттай бөлімін оқып шыққан болатын», – дейді Ж.Бәрімбеков.

Сондай-ақ Жетісу университетінің профессоры Ж.Бәрімбеков Айдын тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы ғарышкер екенін де атап өтті.

Оның айтуынша, ғарыш кеңістігін бағындырған тұңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров ол кезде КСРО азаматы болса, Кеңес одағы күйрегеннен кейін 1994, 1998 және 2001 жылдары ғарышта болған Талғат Мұсабаев Ресей азаматтығында болған. Қазғарыштың басшысы ел азаматтығын тек 2007 жылы алған көрінеді.

«Айдын алты жыл бойы Мәскеу түбінде «Жұлдызды қалашықта» білім алды. 2009 жылы ұшуы тиіс еді, алайда экономикалық дағдарысқа байланысты кейінгі қалдырылды. Ол бұл күнді 12 жыл күтті. Айдын өзіне жүктелген міндетті абыроймен орындайды деп сенемін», – дейді Ж.Барымбеков.

«Мен әулетіміздің үлкенімін, оның әкесі үш жыл бұрын көз жұмды. Әкесінің бұл күнді көрмей кеткені өте өкінішті», – деп толықтырды ғарышкердің туысы.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282