Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 8098 0 пікір 28 Тамыз, 2015 сағат 12:25

ПЕТР МЕН ПАВЕЛГЕ ЕСКЕРТКІШ ТҰРҒЫЗБАҚ

Қызылжар қаласы қарбалас үстінде. Қызылжарлықтардың кімге бола, не үшін қарабаласып кеткенін өткенде жазған да едік (http://abai.kz/post/view?id=4379). Иә, сонымен солай, 2016 жылы жазда аталған қалада Қазақстан-РФ басшыларының өзара кездесуі, аймақаралық форум және діниконфессиялардың кезекті құрылтайы өтпек. Осы жиынды өткізу қамына Солтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық ұйымдар білек сыбана кіріскенге ұқсайды. Олар («Лад», «Объединение Российских соотечественников», «Союз казаков. Горкий лини», т.б. ) қазірден бастап жергілікті БАҚ көздері арқылы пікір туғызып, облыс әкімі Ерік Сұлтановқа Ашық хат жазып жатыр. Сондай Ашық хаттың бірі редакцияның алғы сөзімен «Петропавловск. KZ» газетінде «Памятник покровителям» деген тақырыппен жарық көріпті. Мақала авторы Қазақстанның ұлттар арасындағы татулық пен достықты ту етіп отырғанын, дәл осы бағыттағы биліктің саясаты әлемге үлгі екендігін, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас экономикалық қана емес, мәдени тұрғыдан да тығыз байланыса түскенін, Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеп кеткенін, ол одақтың кіндік әкесі ҚР Президенті Н. Назарбаев екендігін айта келіп, 2016 жылға жоспарланған екі ел басшысының кездесуіне дейін қаладағы «Достық» алаңында «Достық үйінің» салынып бітетіндігін, соған орай Петр мен Павелдің де ескерткіші бой көтерсе абзал болар еді дегенді жазады. Сөйтіп Ашық хатқа кезек береді. Ашық хатта әулие Петр мен Павелдің ерте христиан және Рим дәуірінде әйгіленгендігін айтқан қоғам белсенділері 2016 жылы Петропавл қаласында екі мәсіхтің ескерткіші тұруы тиіс деп бір-ақ қайырады. Егер бұл екеуіне ескерткіш қою үшін қала бюджетінен қаржы қарастырылмаса, қоғамдық ұйымдар сол қаражатты өзіміз табамыз деп мырзалық танытады.

Қаланың әуелде бекініс ретінде салынып, кейін оған екі шәдиярдың аты берілгенін ескерткен қоғамдық ұйым белсенділері енді қалада сол екеуінің ескерткіші тұруы керек деп қадалып отыр. Ал, қазақ билігі болса, "СҚО-ның орталығын  «Қызылжар» немесе «Абылай хан» атайық" деп, әредік  тілек білдіріп қоятын қазақтың үнін шығарар емес.

Abai.kz     

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354