ҚАП, ЕНДІ ҚАЙТТІК?
Олимпиада-2022 Бейжіңде өтетін болды. Малайзиялық Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында Қытай делегациясы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат-қаланың ақтық таныстырылымын ұсынды. Қысқы ойындарды өткізуге Бейжіңнің бақталасы Алматы болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Қытай өтінішін 12 адамнан тұратын делегация таныстырды, олардың арасында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Яндунь, Бейжің әкімі Ван Аншунь, ХОК мүшесі Янг Янг пен ҰБҚ-ның экс-жұлдызы Яо Мин бар.