Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5880 0 пікір 17 Шілде, 2015 сағат 15:46

КЕЗЕКТІ МАЗАҚ. LifeNews ӘНҰРАНЫМЫЗДЫ ҚОРЛАДЫ

Ресейлік LifeNews телеарнасы Петр Порошенконың әнұран айтып тұрғаны түсірілген видеоға атышулы «Борат» фильміндегі Қазақстанның «әнұранын» салып, жазылған видеоролик жариялады.

Ұлыбританиялық сайқымазақ Саша Барон Коэн жазып, басты ролін сомдаған «Борат» жауапсыз қалдырған филімін билік ұмытса да, қорланған қазақ әлі ұмытпаған шығар. Сол қазақты кеше Ресейдің ауқымды аймаққа хабар таратып жүрген арнасы тағы қорлады.

Бұған наразы қоғамдық тұлғалар қазірдің өзінде өз пайымдарын жазып, Қазақстан аумағында LifeNews сайтының таралымына тыйым салуды талап етіп жатыр.

Наразылық білдірген экс-министр, «Өрлеу Ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Әбенов Facebook әлеуметтік желісінде мемлекеттік органдарға қарата:

«Қазақстанды қорлаған видеоны өшіртіп, кешірім сұрауды талап ету керек. Бізде ондай құқық бар ғой. Бас прокуратураның елімізді ашық түрде Интернет арқылы осылай қорлап жатқандарға неге жауап бермейтінін түсінбеймін. Электронды БАҚ-ты бақылауы тиіс біздің шенеуніктерді жауапкершілікке тартып, шараның қолданылуына бастамашылық ету керек. Біздің Заңды қалай бұзып отырғандарын көріп ресми түрде әрекетсіздік деп тану қажет. Біз бұл ережелерді өзіміздікілерді жазалау үшін ғана жетілдірмейміз ғой. Немесе достастық еліне қарсы кезекті рет үндемей қаламыз ба. Іштен тынамыз... Мен, мысалы, ҚР Азаматы ретінде менің елімнің абыройын сақтауды талап етемін! Қажет болса ресми үндеу жазуға дайынмын», - деп зілді жазба жазды.

Ал, белгілі экономист Мұхтар Тайжан өзінің жазбасында:

«Кеше, ресейлік телекомпания Украина президенті Петр Порошенконы «Борат» филіміндегі Қазақстан гимнін айтып тұрғандай көрсететін, Қазақстанды қорлаған текстпен монтаж көрсетті. Мұндағы әңгіме кешегі Киевте сәтті өткен Қазақстан мен Украинаның Үкімет аралық комиссияның отырысына байланысты. Мынау надан араздық Украина мен біздің еліміздің арасындағы бауырластыққа сызат түсіруге бағытталған. Жалғыз сұрақ:  біздің арнаулы органдар тағы да мыңқиып қала ма? Біздің елде Lifenews-қа тиым салу керек», - деді.

Бұл күнде мазаққа қазақтың еті үйренген. Құзырлы органдардың үндеместігі мен қазақтардың көнбістігі қосылып, өзгелердің егемендігіміз бен мемлекеттік құндылықтарымызға қол сұғуына жол беріп келеді. Былтыр көктемде Жириновский қазаққа қарата қандай шірік сөз айтып еді, ал жаз ауғанда Путин қазаққа тарихы жоқ, мемлекеті болмаған ел деді.  Жыл өтпей Ресей тарапынан тағы қорлау жүрді. Құзырлы органдар мен Азаматтық қоғам бірігіп, бұндай сорақылыққа дер кезінде тоқтау салмаса күз келгенге дейін тағы қандай желкелеуге түсетінімізді кім білсін?!

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450