Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4176 0 пікір 17 Шілде, 2015 сағат 14:13

КУЛАГИН «ОРАЗА АЙТ - БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МЕЙРАМ» ДЕДІ

Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы Науан-Хазірет атындағы орталық мешітке барып, облыстың барша мұсылман қауымын Ислам дінінің ұлық мерекесі - Ораза айтпен құттықтады.

Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.

«Бүгінгі күнгі Қазақстанның ең басты байлығы - елдегі рухани тұрақтылық, бейбіт аспан мен жарқын болашаққа деген халықтың ортақ ұмтылысы. Сан алуан ұлттар мекендеген мемлекеттің басты байлығы да осы екенін Елбасымыз ұдайы айтып келеді. Тұрақтылық бар жерде ғана табыс та, бақуатты тұрмыс та болады. Сондықтан  бүгінгі ұлық мереке - баршамыз үшін ортақ мейрам. Мен мұсылман бауырларды шын көңіліммен Ораза айт мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, Отанымызға тыныштық тілеймін», - деген Ақмоланың әкімі.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137