ҚАЗАҚСТАН - KAZAKHSTAN?
А Ш Ы Қ Х А Т
ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ
Мұхамедиұлы Арыстанбекке
Аса мәртебелі Арыстанбек Мұхамедиұлы!
Биыл қазақ елі Тәуелсіздігінің 24 жылдығын атап өтеді. Алайда, Сіздің министрлік еліміздің атауын мемлекеттік тілге сәйкес емес, бұралқы атау түрінде, бөгде тілдің орайымен әлемге жайылып келе жатқанына назар аудармағалы да 24 жыл болды. Нақтырақ айтсақ, елдің «Қазақстан» атауы орысша - «Казахстан», ал ағылшынша - орысша нұсқадан алынып «Kazakhstan» аталып келеді. Ел атауының әлі күнге өзге тілдердегі транлитерациясы мен транскрипциясы орыс тіліненің табиғатына сай жасалуда. Бұл турасында Сіздің министрлікке қарайтын елдегі Тіл саясатының бірден бір құзырлы уәкілетті орган ретінде Тіл комитеті аталған мәселені лингвистер мен тиісті органдар алдында ешқашан қойған емес әрі назар аудармай келеді.
Бұл жайт - Конституциямыздың тілдерге қатысты баптарына қайшы!
Сіз басқарып отырған министрлік бұл кемшілікті түзетуге 24 жыл бойы ешқашан назар аудармағаны өкінішті.
Аталған жайтты Қазақстан Республикасының азаматы ретінде нұсқай отырып, Сізден бұл мәселе бойынша тиісті ғылыми және мемлекеттік органдарға бастамамен шығып, қателікті түзетеді деген сенімдеміз. Олай болмаған жағдайда министрлікті жауапқа тартуға азаматтық бастама көтеретінімізді ескертеміз.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
Aidos Sarym |
Dauren Quat |
Ерғали Серік |
Abai.kz