Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Билік 10344 0 пікір 3 Шілде, 2015 сағат 18:07

ЛИ КУАН Ю МЕН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: 13 ҰҚСАСТЫҚ

Саяси лидерлер – Ли Куан Ю мен Нұрсұлтан Назарбаев: 13 ұқсастық

Мемлекеттің орталығы ретінде Ақмоланы таңдап, Есіл өзінінің бойына жаңадан қала салу – Назарбаевтың тарихи саяси шешімі. Шілденің 6-сы Астана күні мерекесі болғанымен, жалпақ жұрт тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні екенін жақсы біледі. Осыған орай тарихи тұлға туралы жан-жақты зерттеулер, фильмдер мен кітаптар жыл сайын жарық көріп жатады.

Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің еңбектерінде, сұхбаттарында әлемдік деңгейдегі саяси лидерлер жайлы терең зерттегенін аңғартып отырады. Әсіресе Францияға соғыстан кейінгі жылдары әлемдік держава мәртебесін қайтарған Шарль де Голль мен Сингапур мемлекетінің негізін қалаған Ли Куан Юді үлгі ретінде айтып отырады. Ол туралы «Қазақстан жолы» атты еңбегінде былай дейді.

25011

Шарль де Голль 

sm lee press conference

 

Ли Куан Ю

«Өз елдерінің тарихында аса көрнекті тарихи рөл атқарған тұлғалар өнегесі жетерлік. Олар Түркияның тұңғыш Президенті Кемал Ататүрік, американдық 31-ші Президент Франклин Делано Рузвельт, «қытайлық реформалардың әкесі» Дэн Сяопин, Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі Махатхир Мохаммад – бұл қатарды әрі қарай жалғастыра беруге болады. Бірақ мен мемлекеттердің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесімен үлгіге айналған аса көрнекті екі қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол – әлдеқашан өмірден өткен Франция Президенті Шарль де Голль, сондайақ қазір де күйлі-қуатты өмір сүріп жүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю».

Тілі де, діні де әртүрлі Қазақстанның халқын бір тудың астына біріктірген Конституциямыз дейтін болсақ, сол Негізгі заңымыз бен Франция Конституция арасынан көп ұқсастық табуға болады. Ал басқару стилі жағынан Ли Куан Ю мен Нұрсұлтан Назарбаевта жақындық бар. «Қазақстан жолы» кітабында Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге Сингапур ұлтының әкесі атанған Ли Куан Юді шақырып, шенеуніктерге дәріс оқуына себепші болғанын жазады.

доктор ли

«1991 жылы мамырда Ли Куан Ю биресми сапармен Алматыға келіп қайтқан еді. Міне, сол кезден күні бүгінге дейін жалғасқан біздің өзара достығымыз басталды. Ол Қазақстанда өткізген бес күннің ішінде біздің еліміздің жағдайымен танысып, менің өтінішім бойынша,сол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде жұмыс істеп жүрген жас экономистер тобы алдында сөз сөйледі. Табан астында ұйымдастырылған лекцияда Ли Куан Ю мемлекет-қаланың қалай құрылғаны, қалай дамығаны туралы әңгімеледі. Ол тыңдаушылар назарын 1965 жылы Сингапурдың тәуелсіздік алуымен байланысты тап болған проблемаларға аударды. Бұл негізінен мемлекеттік ин- ституттар мен өз армиясын құруы, ұлтаралық келісімдерді ТӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ 17 сақтауы және көрші мемлекеттердің Сингапур ісіне аралас- пауы жөніндегі проблемалар еді. Сингапур өз экономикалық саясатын сүйей отырып, сингапурлықтардың ерік-жігері мен еңбексүйгіштігіне негіздеп жүргізді, порттың тиімді географиялық жағдайына және кадрларының жоғары біліктілігіне арқа сүйеді. Сингапур Премьер-министрі өзінің ерекше мінезімен, жігерлі сөзімен және жарқын бейнесімен аудиторияны бірден баурап, үйіріп әкетті. Шығысқа тән биязылығымен және өрнекті ойымен Ли Куан Ю үлкен мемлекетті үлкен ке- меге теңеп, оның ебдейлі қимылы үшін кең жер және қауіпсіз тереңдік қажет екенін, әйтпесе кеме төңкеріліп қалатынын айтты».

IMG_1418

Сингапур қаласы: кеше, бүгін

IMG_1417

 Кешегі Ақмола, бүгінгі Астана қаласы

 

ли и сингапур         

Ли Куан Ю және Сингапур

назарбаев и астана     

Нұрсұлтан Назарбаев және Астана

Биылғы Наурыз мейрамында 91 жасында өмірден өткен сингапурлық саясаткер шын мәнінде әлем мойындаған қайраткер еді. «Экономикалық таңғажайыптың» авторы мен қал-қадырынша Қазақстанды алға сүйреп келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында көп ұқсастық бар. Жақында Астанаға келген кәсіпкер, стратегиялық маңызды технологиялар мен экономикалық даму жөнінде әлем үкіметтеріне кеңесші боп жүретін филантроп Билл Хатчисон «Назарбаев Ли Куан Юдің жолымен келеді» деген болатын. Хатчисон құсап 5 жыл Сингапурде өмір сүрмесек те екі басшының арасындағы ұқсастықтардың біршамасын екшегендей болдық.

 

Лидер Ли Куан Ю Нұрсұлтан Назарбаев
 1. 7 принцип: 1) Әділ Үкімет;

2) Заңның үстемдігі;

3) Бизнеске қолайлы жағдай;

4) Ойластырылған, түсінікті макроэкономикалық саясат;

5) Меншікті қорғау

6) Жемқорлықпен күрес

7) Мемлекеттік институттарға түбегейлі реформа

 

5 институттық реформа:1) Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет;

2) Заңның үстемдігі

3) Орнықты экономика

4) Болашағы біртұтас ұлт

5) Ашық және халыққа есеп беруші мемлекет

 

 2. 1971 жылы Сингапур жастары Ұлыбританияда әскери білім ала бастады. Кейіннен әскери, гуманитарлық, инженерлік мамандықтар бойынша Еуропа, Америка және Азия елдерінде білім алуға жағдай жасады. 1993 жылы Халықаралық «Болашақ» стипендиясын құру туралы шешім қабылдады. Бүгінде шетелде білім алған кадрлардың саны 11 мыңнан асқан.
3. 1970 жылы 400-ге жуық шетел инвесторына 5 жылға дейін салықтан босату жөніндегі сертификат табыс етті. Шетел инвесторларымен жақсы қарым-қатынас сол кезден басталды. 1998 жылғы 30 маусымдағы Жарлығымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдікинвесторлар кеңесі (ШИК) жасалған болатын. Кеңес әлі де белсенді қызмет атқарып келеді. 2011 жылдың басынан ел экономикасына шетел

инвесторларын тарту үшін арнайы жеңілдіктер енгізілді.

 4. «Саяси тұрақтылық бәрінен де маңызды. Азиялық қоғамда тәртіп пен реттілік біртіндеп дамуы тиіс демократиядан гөрі маңыздырақ» «Бұл Ли Куан Юдің саяси кредосы болатын. Мен мұндай көзқарастың өзімнің жаныма жағатынын ешқашан жасырған емеспін. Мен әрқашанда «Алдымен экономика, одан кейін саясат» дегенді айтып отырдым. Ол үшін мені сынады да». Саяси тұрақтылық –экономикалық даму
5. Оның бастамасымен 1971 жылдан бері қараша айының алғашқы жексенбісі ағаш отырғызу дәстүрге айналды. Себебі Сингапурде күз айларында жаңбырлы маусым басталады.Мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер бастаған шара әлі де жалғасып келеді. «Көгалдандыру саясаты» аясында елге 8 мың өсімдік түрін алғызғанмен, оның 2 мыңы ғана жерсінген. Астананы көгалдандыру жұмыстарына үлкен мән береді. Президенттің өзі бастап, депутаттар мен министрлер мемлекет қайраткерлері жыл сайынғы сенбілікті ерекше атап өтеді. 1997 жылы Астананың маңайына тал егу жұмыстары басталған. Әр жылда орманға 5 мың гектар қосылып отырады.Жасыл желек қазір 70 мың гектардан астам алқапты алып жатыр.
6. 1968 жылы Сингапурде қаржы орталығын құрды. 29.04.2015ж. Инаугурацияда сөйлеген сөзінде«Біздіңмемлекет Еуразияның көлік, логистикалық орталығына айналады. «ЭКСПО-2017»

жоғары технологиялық

инфрақұрылым базасында

ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылады», — деп мәлімдеді

7. Сағыз мәселесі.1971 жылдан бері қоғамдық тазалыққа көңіл бөлді. Түкіруге, сағыз және тамақ қалдықтарын тастауға тыйым салынып, айыппұл күшейтілді. Кейіннен сағызға мүлде тыйым салынды. «1960 жылдары адамдар көшеде қақырып, тіпті көліктің терезесінен түкіріп жататын. Мұндай жаман әдеттермен күресті бұқаралық сипатқа айналдыруға тура келді»деп жазады өзінің естелігінде. Сағыз мәселесі. Сәуір айы, 2012 жыл.«Бұрыш-бұрышқа сағыз лақтырушыдан бастап ұстап, тіркеуге алып, саусағының таңбасын түсіріп, келесі рет істейтін болса жауапқа тартылатындай етіп, хаттама толтыру керек. Алдымен, әрине, ескерту. Әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салып, одан болмаса үш күнге жауып дегендей. Адамдар кез келген ұсақ тәртіп бұзушылыққа жауап беретінін білсе, сонда ғана тәртіп орнайды» деді Астана қаласын қаласын дамыту туралы отырыста. Кейіннен қоғамдық орындарда темекі шегуге республика бойынша тыйым салынды.
8 Жемқорлықпен күресті күшейтті. 1960 жылы жаңа заң қабылдап, 50-жылдары ағылшындар құрған Жемқорлықты тексеру жөніндегі бюроның құзіретін кеңейтті. Нәтижесінде көпшілік айтатындай үш досы ғана емес, командасындағы ондаған министр, мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылған. Жемқорлықпен күрес уақыт өткен сайын күшейтіліп келеді. Нәтижесінде кішігірім қызметтегілерден бастап, облыс басқарған тұлғалар, министрлер жауапқа тартылып жатыр. Заң алдында бәрі бірдей принципін ұстанады.
9. Көптілділік туралы: «Егер біз ана тілдерімізде ғана сөйлесек, жойылып кетер едік. Ағылшын тілін ғана қолдансақ, төл мәдениетімізден айырылып қана қоймай, өзіндік сенімділіктен жұрдай боп әлемдегі орнымызды жоғалтып алған болар едік. Бәрібір біз халықты ана тілінен бас тартқыза алмаймыз. Сын, ескертпелерге қарамастан жасаған осы әдістің келешегі жарқын боп қалады. Себебі ағылшын тілінде сөйлесу әртүрлі ұлттар арасындағы қақтығыстардың алдын алды. Және халықаралық бизнестің, дипломатияның, ғылым мен технологияның тілі болғандықтан ағылшын тілі Сингапурдың бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Онсыз біз Сингапурға көптеген трансұлттық компаниялар мен 200 ден астам әлемдік ірі банктерді өзімізге тарта алмас едік» «Из третьего мира — в первый». Көптілділік туралы:«Өзге елдерді қор көре отырып өз елін артық санау мүмкін емес. Сол себепті мен үш тұғырлы тіл туралы айтамын. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі – көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Осы тіл арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек. Бұл тілді де ұмытуымызға болмайды. Әр тіл – адамзаттың байлығы. Ал әлемде жарыққа шығатын 10 млн кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, даму, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда. Қазақстанда 3500 шет елдік компания жұмыс істейді. Олармен біз ағылшынша сөйлесеміз, осы тіл арқылы өндіріс күшімізді көтереміз», — деген болатын «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында.
10. Билікке келгендеСингапурдың ІЖӨ жан басына шаққанда 700 доллар болған. Биліктен кеткенінде 12 мың АҚШ долларына жетті. Ұлттық валюта теңге енгізілгеннен кейін Қазақстанның ІЖӨ жан басына шаққанда 400 доллар шамасында ғана болды. Қазір 14 мың доллар шамасында.
 11  Сингапур қаласының негізгі архитекторы. Астана қаласының бас сәулетшісі. Негізгі идеялардың авторы.
12. 1977 жылы Сингапур өзенінен келетін Рочор арнасын тазарту туралы ұсыныс тастайды. Ол идеясы тек 1987 жылы ғана жүзеге асады.«Ашылу салтанатында бұған дейін тек кәріз жүйесі болған арнаның тазалығына қарап рахаттандым» деп жазады. 07.06.2011ж. өткен Астана қаласын дамыту жөніндегі отырыста Есіл өзенінің арнасын үнемі тазартып тұруды тапсырған болатын.Бұл жұмыстың ұдайы жүргізілмеуі әзірге жергілікті әкімшілікке сын болып тұр.
 13 Қатарынан 7 сайлауда жеңіске жетіп, 31 жыл билікте отырды. Қатарынан 5 сайлауда жеңіске жетіп (1 рет референдум арқылы ұзартылды), биліктегі мерзімі 24-жылға қадам басты.

Ли куан ю и Назарбаев

P.S.

«Назарбаевпен ең негізгілер жайлы» сұхбатта ҚР Президенті Сингапурмен Қазақстанды салыстыруға келмейтінін атап өтті. Әрине қала-мемлекет пен әлемде жер көлемі бойынша 9-орын алатын Қазақстанды салыстыра беруге болмас. Бірақ , саяси лидерлердің басқару тәсілі қай кезде де салыстырылған.

 
Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ, саясаттанушы

"Сайгез"

0 пікір