Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4936 0 пікір 21 Маусым, 2015 сағат 19:04

Биыл Павлодар 11 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Алдын ала болжам бойынша, Павлодар облысының білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес жаңа оқу жылында 11 мыңнан астам балғын бірінші сыныптың табалдырығын аттайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, өткен жылы бірінші қыркүйекте аймақта 10800 бірінші сынып оқушысы мектеп партасына отырған.

Соңғы бірнеше жылда павлодарлық бірінші сынып шәкірттерінің саны бес жүз балаға дейін артуда. Айта кетерлігі, ата-аналардың басым бөлігі балаларын алты жастан мектепке бергенді жөн көреді. Былтырғы мәліметке сүйенсек, бұл бірінші сынып оқушыларының жалпы санынан үштен бір бөлігін құрайды. Агенттіктің жолдаған ресми хатына ведомство басшысының орынбасары Тамара Иванова төмендегідей жауап берді: Облыста балабақша бітірушілерін бірінші сыныпқа жинау науқаны қызу жүруде және 30 тамызға дейін жалғасын табады. Бастауыш білім беру ұйымы бірінші сыныпқа 1-қыркүйекте алты немесе жеті жасқа толған барлық бүлдіршінді қабылдайды.

Тамара Иванованың айтуынша, бірінші сыныпқа қабылданатын үміткерлерден оқу және білу дағдысын толық меңгеру талап етілмейді, педагогтардың балаларды тестілеуден өткізуге құқығы жоқ. - Министрілікпен бекітілген ережеге сәйкес мамандандырылған мектептерді есептемегенде, бастауыш білім беру ұйымымен бірінші сыныпқа қабылдау барысында емтихандар мен тестілеу, сынақ жүргізілмейді. Баламен және оның отбасымен танысу мақсатында кездесу өткізіледі. Жалпы білім беру мектептерінің бірінші сынаптарына балғындар дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады, - деді Т. Иванова. Алайда егер ата-аналар балаларын дарынды жеткіншектерге арналған мектепке бергісі келсе, мұндай білім ордалары үшін ҚР Үкіметімен бекітілген басқа нормативтік құжат бар. Балаларға конкурстық іріктеу қалалық әділет органымен бекітілген мектеп жарғысына сәйкес бірінші, бесінші, жетінші және тоғызыншы сыныптарда жүргізіледі.

Pavlodarnews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377