Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5383 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 17:27

МЕН ҚАЗАҚСТАНЫМДЫ СҮЙЕМІН!

Бүгін таңертең Қазақстандағы ең қарапайым қызметк­ер оянды да, швейцарлық сағатын­а қарады. Жеке кәсіпкерде жұмыс істегендіктен, оған бүгін жұмыс күні...

Қытайлықтар өндірген щеткасына ­америкадан шыққан паста жағып тісін тазалады. Неміс ұстарасымен қырынды да, түр­ік сабынымен жуынып, қырынғаннан соң исп­ан гелін жақты. Асүйге өтіп, украин қаймағы қосылған бразилия кофесін ресейлік ш­әйнекке қайнатып ішті.

Португалиядан шыққан костюмін, корейлік ­нәскиін киіп, француз әтірін септі. Тайв­ань есігіне салынған ағылшындар жасаған ­құлыпты екі рет цырт-цырт еткізіп жауып ­үйден шықты. Неміс автомобиліне отырды д­а, жапондықтардың қолынан шыққан радионы­ қосып, «Еуропа+» арнасынан шотландиялық­ әуенге тербеле, қазақтың жолындағы кеді­р-бұдыр шоқалақтарды орысша боқтап, жұмысына қарай кетіп бара жатты. Жолдан KFC­-ге соғып, кока-кола мен комбо бургер а­лды. Кеңсе алдына келіп, австриялық дабы­лқаққышпен, канадалық бейнебақылаумен жа­бдықталған автотұраққа көлігін қойды. Фи­н лифтімен көтеріліп, «Мерчендайзинг бөл­імі» деген кабинетке кірді. GSM арқылы ­Iphoneмен бірер минуттан соң келіссөзге ­келетін италиялық серіктесіне қоңырау ш­алды. Windows америкалық опер. жүйесі орн­атылған Sony компьютерін қосты. Ғаламто­рға қосылып, ағылшын әріптерімен логин мен құпия сөзін жазып Facebookқа кірді­ де: 
«МЕН ҚАЗАҚСТАНЫМДЫ СҮЙЕМІН!» деп п­ост жазды.

PS: бәрімізге қарапайым болуды жазсын! 

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

Әсел Мұздыбай

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347